$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Семей қаласына жаңа мәртебе беріледі

AstanaTV
09.01.2020ж. 20:00
3228
Семей қаласына жаңа мәртебе беріледі

Семей қаласына жаңа мәртебе беріледі.  Ол енді тарихи орталыққа айналады. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке осындай тапсырма жүктеді. Мемлекет басшысы бұл жайлы бүгін ғана жарық көрген "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласында жазған. Президент шаһарды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан кешенді дамытуға көңіл бөлінетіндігін жеткізді. Абай мен Шәкәрімнің, Мұхтар Әуезовтің кіндік қаны тамған өңірдің, құрметке лайық екенін айтады. Қасым-Жомарт Тоқаев өз мақаласында Абай шығармаларының бүгінгі күнгі өзектілігі мен одан алар тағылымның зор екенін ерекше атап өткен. Ұлы ақынның 175-жылдығына орай биыл оның шығармалары әлемнің он тіліне аударылмақ.  Сонымен қатар, ақынның өмірі мен қазақ мәдениетіне қосқан үлесі жайлы бірнеше деректі фильм мен «Абай» телесериалы түсіріледі. Мемлекет және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылмақ.

А. Мүтәлі