Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / 10-жылдан бері жарыққа жарымай отырмыз, - Шұбарсу ауылының тұрғындары

10-жылдан бері жарыққа жарымай отырмыз, - Шұбарсу ауылының тұрғындары

Түркістан облысы Шұбарсу ауылының тұрғындары жарыққа жарымай отыр. Арнамызға хабарласқан бір топ азамат электр тоғын тарататын трансформатор жиі бұзылатындығына шағымданды. Апталап жарықсыз отыратындарын айтады. Жекенің меншігіндегі электр торабын жөндеу үшін де тұрғындардан ақша талап ететін көрінеді. Тұрғындар электр жарығы жергілікті әкімдікке өтсе, мұндай жағдай болмас еді деп налиды.

Мөлдір ІЗБАСАРОВА, ШҰБАРСУ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Сосын бұл жеке-меншік болғаннан кейін әркімге жем болып жатырмыз. Бәріне ақша беріп жатырмыз. Ішпей-жемей. Өткенде осы трасформатор күйіп кеткен кезде әр үй 6000 теңгеден төледік. 280000 мың теңге жиналсын деп. Жоғарыдан келді сондай қағаз. Біз сол ақшаны 60 үй болып жинап бергеннің өзінде тағы ауыстырдық. Сосын тағы трансформаторға тағы 1000 теңге деді.

ОКСАНА ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Мәселенің мән-жайын анықтау үшін қазір Ордабасы ауданы әкімдігіне хабарласып көрейік. Аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев бізбен байланыста екен.  Азат Әбдіғалиұлы, кеш жарық! Сіз тікелей байланыстасыз! Шұбарсу ауылының тұрғындары 10-жылдан бері ауылда жарық мәселесі шешілмей келеді дейді. Бұған не себеп?

Азат ОРАЛБАЕВ, ОРДАБАСЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жалпы, иә, ондай мәселе бар. Шубарсу елдімекені бойынша. Бұрынғы "Бағбандар" серіктестігі меншігінде болған жалпы 382 шақырым электр бағаналары мен 120-ға таяу трансформаторлар орналастырылған. Бүгінгі таңда 65 трансформатор мен 245/4 шақырым электр желілелері жеке серіктестіктің меншігінде. 55 дана трансформатор мен 167 шақырымды біз коммуналдық меншікке алдық. Дегенмен, қазіргі жоғарыда айтылған трансформаторлармен электр бағаналарының барлығын біз коммуналдық меншікке алып жатырмыз. Себеп сол Шұбарсу ауданын толығымен қамтамасыз ету мақсатында. Бүгінгі таңда шұбарсу елдімекенін электрмен қамтамасыз ету үшін біз 2 сменге бөлініп жұмыс жасап жатырмыз. Сол жоспардың бірінші кезеңі бойынша жұмысқа қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Халықтың сұрақтары бойынша тікелей Оңтүстік жарыққа өтсе, жаңағы қаржы жинау мәселесі деп жатыр ғой. Біз бұны қазір Оңтүстік жарықпен, бұрынғы серіктестіктің меншігінде болғандықтан, сапасы төмен. Бағаналы ескірген барлығы. Соныдақтан Оңтүстік жарық бұны қабылдамай жатыр. Соның бәрін біз қазір жаңартып жатырмыз. Ол жүзеге асады. Биылғы жылы жобалық сметалық құжаттамаларын аяқтап,  сонымен қатар, 20 трансформатордың барлығын толықтай орындаймыз деп отырмыз.

ОКСАНА ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Бізбен байланыста болған Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Азат Оралбаев. Рақмет, бізбен тікелей баныста болғаныңыз үшін. Мәселе жуықарада шешіледі деп үміттенеміз. Біз де оның шешілуін өз бақылауымызға аламыз. Қымбатты көрермен, сізді де алаңдатқан мәселе болса, хабарласыңыз! Біз сізбен бірге жауабын іздейміз. Егер заңсыз оқиғалар мен төтенше жағдайлардың куәсі болсаңыз, экранда көрсетілген нөмір арқылы хабарласып, видео немесе аудио жолдасаңыз болады.

А. Мүтәли