Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Атырауда бұзақылар аялдамаларды сындырып жатыр

AstanaTV
10.01.2020ж. 20:00
3290
Атырауда бұзақылар аялдамаларды сындырып жатыр

Атырауда жаңадан салынған жылы аялдамаларға бұзақылар тыным бермей тұр. Әйнектерін сындырып,  ішін қоқысқа толтырып кететін болғандықтан қалалық билік кешкі уақытта құлыпқа жауып қоюды әдетке айналдырған. Шаһардың тәртібі мен тазалығын бұзғандар ұсталса, келтірілген шығынды өтетпек.

Атырауда "жылы аялдама" деген атау былтыр ғана пайда болды. Шаһарда тұңғыш рет жабық типтегі 7 аялдама пайдалануға берілген еді. Алайда бұған тұрғындардың бәрі дайын болмай шықты. Бұзақылар әйнектерін сындырып, ішін  ластап кетуді әдетке айналдырған. 

Аңсаған САҒЫНБАЕВА, АТЫРАУ қ. ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:


Негізі 24  сағат бойы бұл аялдамалар ашық болуы тиіс. Алайда әртүрлі вандалдық іс-әрекеттердің әресінен, кешкілік уақытта жауып қоюға, кілттеп қоюға мәжбүр болып отырмыз. Бұл жерде екі слой әйнек болуы тиіс.  Соның бір қабатын бүгінгі уақытта сындырып кеткен. Бұл жерде айналада белгілі бір камералардың болмауының кесірінен күдіктілдер әлі табыла қоған жоқ. алайда полицияға арыз жазып қойдық.

Қазір жолаушылар үшін жасалған аялдамалардың сыйқы қашқан. Кейбірінде жылу беретін қондырғы істен шығып үлгерген. Бейнекамералар да  әлі қосылмапты. Жергілікті билік көше тазалығына жауаптыларға жаңа міндет жүктеді. Олар таңертең аялдамалардың есігін ашып, қасқарайғанда кілтке жабуы керек.  
 
Қамқор ЖОЛДАСОВ, «АРНАУЛЫ АВТОБАЗА» КМК ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 
Жылы аялдамалдарды таңертең 7-де ашамыз, кешкі 8де жұмыс аяқталған уақытта жабамыз. Себебі кешкі уақытта ашып қалғандары бізге қосалқы жұмыстарды керек етеді. Және де ішіндегі заттарды бүлдіріп кетуіне байланысты,  терезесін сындырып, есіктерін сындырып, біздер кешкі 8-де жұмыс аяқталғанда жабамыз. Үнемі кезекпен ашып, жабамыз.


Енді осындай тағы 9 аялдама дайын тұр. Бірақ олар ел игілігіне берілген жоқ. Оларды коммуналды мекеме өкілдері жазда ғана ашуды көздеп отыр.
 
Роза БЕРДЕШОВА, ТҰРҒЫН:
 
Мынадай салқында ашық болуы керек қой салқында. Үлкен кісілер бар, манадан бері автобус күтіп тұрмыз жарты сағаттай, сонда біз ана жерге кіріп тұруымыз керек. Жабық тұр. Есігі кілттеулі тұр. Не үшін қойды ананы.

Тұрғындар аймақтағы қара суықты ескеріп, барлық аялдамалар жабық типте салынуы тиіс дейді. Алайда атқамінерлер ашық аялдамаларды тұрғызып жатыр. Соңғы екі жылда жаңадан 50 ашық  аялдама салынды. Тағы 40ына  тапсырыс берілген. 

Аманқос ИСЕКЕНОВ, ТҰРҒЫН:

Сала бастағанда соны ойладық. Біздің желдермен, мынадай ауа райымен Атыраудың бармайды ол. Утеплять ету керек адамдарға қиындау.  Біздің ауа райы облыс бойынша «суровый климат» дейді ғой. Жел үнемі. Суық. Қар болмаса да, жел бар ғой. Сондықтан мына аялдамалдамалар жабық болғаны дұрыс.

Қалалық тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық бөлімі аялдамаларға бейнекамералар қосуды жоспарлап отыр.  Осылайша шаһардың тазалығы мен тәртібін бұзған бұзақылар дер кезінде ұсталып, аялдамаларға келтірілген шығынды өндірілмек.

Б. Надирқызы