Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

100-ге жуық кәріз құбырының беті дұрыс жабылмаған

AstanaTV
10.01.2020ж. 20:00
2058
100-ге жуық кәріз құбырының беті дұрыс жабылмаған

Республика бойынша 100-ге жуық кәріз құбырының беті дұрыс жабылмаған. «Jas Otan-дық» еріктілер екі күн рейд жасап, осыны анықтады. Бұл туралы жастар қанатының атқарушы хатшысы Жанат Чукеев айтты. Еріктілер мұндай тексерістерді тағы бір айға жалғастыруды жоспарлап қойған.

Жанат ЧУКЕЕВ, «JAS OTAN» ЖҚ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Қазақстан бойынша 600-ге жуық белсенділеріміз жұмылдырылған осыған. Біз қазіргі таңда мектептің жанындағы, балабақшаның жанындағы, спорт кешеннің жанындағы, өйткені ол жерлерде көбінесе кішкентай балалар жүреді.

Ашық жатқан құбырды қысты күні аңғару оңай емес. Сондықтан бұл іске ерікті жастардың араласқанын төтенше жағдай мамандары құптап отыр.

Данияр ҚАЛИЕВ, НҰР-СҰЛТАН қ. ТЖД "БАЙҚОҢЫР" АУДАНЫ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Көшеде беті ашық жатқан кәріз құбырлары қауіпті. Қыста олар қардан байқала бермейді. Сондықтан ерікті жастардың осылай үлес қосуы құптарлық.

Ә. Өмірзақ