$494.87 €520.65 ₽4.91
×

11 айлық баланың өліміне қатысты іс қозғалды

AstanaTV
13.01.2020ж. 20:00
3202
11 айлық баланың өліміне қатысты іс қозғалды

Атырауда белгісіз затты жұтып қойып, қайтыс болған нәрестенің өліміне қатысты істі полиция қолға алды. Облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері 11 айлық сәбиге араша бола алмады. Олар ағзада бөгде зат барын рентген сәулесі арқылы анықтаған. Оны эндоскопия көмегімен шығармақшы болғанымен, ала алмады. Сосын ота жасапты. Бірақ бүлдіршіннің өмірін аман алып қала алмады. Қазір Қылмыстық Кодексінің «Медицина және фармацевтика жұмыскерінің  кәсіптік міндеттерін тиісті орындамау салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғуы» бабы бойынша тергеу  басталды. 

Гүлназира МҰХТАРОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨКІЛІ:


Белгісіз затты жұтып қойған нәрестенің қайтыс болуына байланысты дерек бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 317 бабының 3 бөлімімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тергеп тексеру барысы облыс прокуроры мен  полиция департаменті бақылауының жеке бақылауына алынды.


Әлеуметтік желіге тараған  ақпараттардан соң қайтыс болған нәрестенің әжесі Денсаулық Сақтау Министрі Елжан Біртановқа хат жолдады. Онда  қайғыдан қан жұтқан отбасы қызметтік тексеру жүргізіп, кінәлілердің жазалануын сұраған. Айтуынша, 22 желтоқсан күні күндіз құсып бастаған немересін  жедел-жәрдеммен  ауруханаға жеткізген. Алайда ақ халаттылар әр есікке жіберіп, 5 күннен соң ғана отаға алған. Енді қайғылы оқиғаның ақ-қарасын тергеу жұмыстарын анықтамақ.

Б. Надирқызы