$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қызылжарда 14 мыңнан астам адам пәтер кезегінде тұр

AstanaTV
14.01.2020ж. 20:00
2244
Қызылжарда 14 мыңнан астам адам пәтер кезегінде тұр

Қызылжарда 14 мыңнан астам адам пәтер кезегінде тұр. Мәжіліс депутаттары теріскейге жасаған жұмыс сапары барысында ұзын-сонар кезектің жылжу тәртібін бақылап, тұрғындармен кездесті. Баспана күтіп жүргендер негізінен- мемлекеттік қызметкерлер, апаттық үй тұрғындары мен әлеуметтің әлжуаз тобы. Биыл Петропавлда жалға берілетін 3 коммуналдық тұрғын үй тұрғызылды. Оның екеуі жуықарада салынып бітсе, үшіншісі бір ай бұрын қолданысқа берілген. 100 пәтерлі үйдің басым бөлігіне көп балалы отбасылар қоныстанды.

Кәрібай МҰСЫРМАН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


14 мың адам кезекте тұр. Осындай үйлерді салуды көбейту керек. Биылғы жылы тағы екі үй пайдалануға берілмекші. 93 пәтерден, 186 пәтер. Соның арқасында он жылдай кезекте тұрған азаматтар пәтерге қол жеткізіп, алдағы уақытта да осылай тұрғын үй мәселесі шешіле бермек.

Ал, Қарағандыға барған депутаттар құрылысы қарқын алған азық- түлік көтерме үлестіру орталығында болды. 60 гектардан астам аумаққа алып жатқан нысанда көкөніс сақтайтын арнайы орындар мен кедендік рәсімдеу орталығы орналаспақ. Жылына бұл жерде 300 мың тоннадан астам азық- түлік сатылады,- деп жоспарланған. Депутаттар орталық ашылса, алдағы көктемде аймақтағы жеміс- жидектер мен көкөніс бағасы 15- 20 пайызға арзандауы мүмкін- деді. Өйткені шаруалар көкөністер мен жеміс- жидек, тіпті ет- сүт өнімдерін де делдалсыз тікелей өткізе алатынын айтты.

Нұрлан ДУЛАТБЕКОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Ең алдымен мал өнімдері, ауылшаруашылық өнімдерінің бағасы нарықтық, яғни бұл жерде алыпсатарлардың болмауы және соның тиімді болуы бұл халыққа жақсы қызмет ететін сияқты және Қарағанды облысының агро секторында жұмыс жасап жатқан адамдарға үлкен пайдасы тиетіндігін біз көріп отырмыз.

А. Кұрманкин