$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбеде шетелден көлік әкелген жүргізушілер шу көтерді

AstanaTV
16.01.2020ж. 20:00
2290
Ақтөбеде шетелден көлік әкелген жүргізушілер шу көтерді

Ақтөбеде Армения мен Қырғыз елінен көлік әкелгендер шу көтерді. Олар өз көліктеріне тыйым салынғалы маза қашқанын айтады. Жиналған топ көліктерін рәсімдеу үшін кедендік салықтарын төлей алмай жатқандарын жеткізді. Тілшіміз Бақыт Рахметова наразы топтың талаптарын тыңдап қайтты.

Межелі жерге наразы топпен бірге, құқық қорғаушылар да жеткен. Олар сол маңды торауылдап шетелдік көліктерді ұстап, тексеру жүргізді. Соған қарамастан жиналған халықтың қарасы қалың. Барлығы көлік арзан Армения мен Қырғыз елінен темір тұлпар сатып әкелгендер. Олар жаңа заңға сәйкес астындағы көліктерінің заңсыз болып шыққанына наразы.

Еркебұлан ЖАНҚАЛАШОВ, ЖҮРГІЗУШІ:

Машина арзан болған соң Біз Армения асып үш мың км жүріп қыр асып сол алып келдік автокөлікті. Сол кезде бізге ешкім ескерткен жоқ. Осындай сендерде кедергі бар деп шекарадан өткенде ешқандай қағаз берген жоқ. Келдік еркін айдап жүрдік. Бір күнде осындай жағдай болып жатыр.


Саламат ДАНАБЕКОВ, ЖҮРГІЗУШІ:

Армениядан әкелдім. Төрт миллионнан жоғары машина әкелдім. Қазіргі есептегенде оның үстіне почти үш миллион ақша төлеуім керек. Қазір ондай жағдай жоқ. Менде қарызданып, кредит алып, көне машинамды сатып әкелдім.

Жиналғандар өз көліктерін уақытша есепке алуды, не болмаса көліктерін есепке қою үшін кедендік баж салығына жеңілдік жасалуын сұрады. 

Мақсат БАЛҒАЗИН, ЖҮРГІЗУШІ:
 
Ең басты олардың айтатыны шетелден келген көліктерді олардың камералары анықтай алмайды- мыс. Жол ережесін бұзған көліктерге сондықтан айыппұл сала алмайды. Олай болса біздің көліктерді уақытша есепке алсын. Қазір елімізде екі жүзге жуық көлік шетелден кірген. Ол дегенін екі жүз отбасы қиын жағдайда деген сөз. 

Ашуға булыққандарды полиция өкілдері сабырға шақырды. Олар заң қабылданды, демек оған бағыну қажет екенін ескертті. Оған қосы тығырықтан шығар екі жолды көрсетті. Көліктерін кедендік рәсімдеуден өткізуі, немесе сол елге апарып қайта сату керек деді.

Ерлан АЛТЫНБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПД ПРОЦЕССИНГ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:


Қазіргі кезде ІІМ өз үндеуін дайындап жатыр. Осы түстен кейін өз шешімін халыққа жеткізеді. Содан кейін әрі қарай шешім белгілі болады.

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:

Ақтөбеде бүгінгі таңда 16 мыңнан астам шетелдік көлік бар. Олардың дені Ресей Федерациясы, қалғаны Армения мен Қырғыз елінен әкелінген. Ал республика бойынша «заңсыз» жүрген мұндай көлік саны 200-ге жуықтайды.

Б. Рахметова