$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қаладан шыққан қар Целиногард ауданы тұрғындарының мазасын қашырды

AstanaTV
16.01.2020ж. 20:00
2463
Қаладан шыққан қар Целиногард ауданы тұрғындарының мазасын қашырды

Ақмола облысының Целиногард ауданына қаладан шыққан қар үйінділері төгіліп жатыр. Бұған ауыл тұрғандары түбегейлі қарсы. Айтуларынша, дәл осы жағдайдың кесірінен 2014 жылы ауылды су басқан. Биылғы жылы да сол апат қайталанама деп үрейленуде. Шарасыз халде отырған жергілікті халық редакциямызға хабарласып, көмек сұрады.

Қайыржан ЛЕСҰЛЫ, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Сарыарқа ауданы әкімдігі қарды үйіп тастады. Үйлерімізді су басып қалады. 23 күн тұрғанбыз алдын сол кезде. Қар өте қалың. Үй салынбаған жерлерден жүретін болсаң, тізеден келеді ғой қардың өзі. Ауылдың бәрі қар қазір. Мүмкіншілік жоқ ешқандай оны далаға шығаратын.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Осы мәселеге байланысты Целиноград аудандық атқамінерлерімен байланысып көрейік. Аудан әкімінің орынбасары Қанат Ағзамұлы бізбен тілдесуге дайын екен.  Қайырлы кеш, Қанат мырза! Сіз тікелей эфирдесіз! Тұрғындардың шағымын естіген боларсыз? Жиналған қар үйінділері ерісе, ауылға қауіп тимей ме?

Қанат АҒЗАМҰЛЫ, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ол сіз айтып тұрған жер Целиноград ауданы мен Нұр-Сұлтан қаласымен шектескен жерде орналасқан. Ол жер Нұр-Сұлтан қаласына кіреді. Менің білуімше, жыл сайын Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының қары шығарылатын жер. Ешқандай қауіп төнбейді. Себебі, ол жерде айнала бөгет орнатылған. Біздің ауылға төнетін қаупі жоқ.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Осы жағдайға байланысты қандай қауіпсіздік шараларын қарастырып жатырсыздар?Болып қалса, егерде дегендей.

Қанат АҒЗАМҰЛЫ, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жалпы, аудан бойынша су тасқынына қарсы әдейі іс-шаралар жоспары бекітілген. Сол жоспарлар бойынша қазіргі уақытта ауылдар бойынша қар шығару жұмыстары жасалып жатыр. Ауылды жерлерде суға қарсы бөгеттер орналастырылып жатыр. Талапкер ауылында, Нұр-Есіл ауылында, Қаражар, Байтөбе сондай-сондай аудан бойынша қауіп келетін жерлерде орналастырылып жатыр бөгделер. Жалпы, осы мәселе бойынша мен әдейі комиссия жіберіп, қараймыз. Ондай жағдай болып жатса қауіп болып жатса әдейі іс-әрекеттер жасаймын.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Сұхбатыңызға рақмет! Еске салайын бізбен тікелей эфирде байланыста болған Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Қанат Ағзамұлы. Тұрғындардың мәселесі жақын арада шешіледі деп сенеміз. Біз де бұл жағдайды өз бақылауымызға аламыз. Қымбатты көрермен, сіздің де мәселеңіз болса, экрандағы телефонға хабарласыңыз! Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауап іздейміз.

А. Данияр