Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ақтөбеде үйлері бұзылған бірнеше отбасы туыстарын жағалап жүр

AstanaTV
09.10.2017ж. 20:00
2574
Ақтөбеде үйлері бұзылған бірнеше отбасы туыстарын жағалап жүр

Ескерусіз қалған ескі үйлер! Ақтөбеде салынғанына 60 жылдан асқан он шақты жеке  үйдің тұрғындары қаланың қақ ортасында тұрып, өркениеттен тыс қалғандарын айтады. Себебі құлағалы тұрған баспаналарына көгілдір отын мен су тартылмаған. «Қала билігі бұл үйлерді апатты деп тануға асықпай отыр, уақытша паналайтын орын да берілмеді», - дейді тұрғындар. Тараптардың пікірін Жақсыбек Кемал тыңдап келді. 

Жақсыбек Кемал, тілші:

«Мына жаңа үйлердің қасында бұл баспаналар көзге қораш көрінеді. Тіпті кейбірінің төбесі опырылып ортасына түскен. Ал көгілдір отын, таза су деген атымен жоқ. Осылайша, тұрғындар қаланың қақ ортасында тұрып, өркениеттен тыс қалған».

«Пеш жағамыз. Газ тоже нестандартный деп, не разрешили. Вода где-то 50 метров колонка, общий. Туалет тоже на улице 30 метров, вот так и живем».

Сұлтан Мұсақұлов бұл үйге 30 жылға жуық уақыт бұрын көшіп келген. Баспанасының қабырғасы жарылып, төбесі ортасына түсуге аз ғана қалыпты. Ал  бұзып қайта салайын десе, әкімдік рұқсат бермеген. Себебі үй тұрған жер арендалық, яғни мемлекет меншігінде екен. Зейнеткер амалсыз бір ай бұрын қызының пәтеріне кетуге мәжбүр болыпты.

Сұлтан Мұсақұлов, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

Жөндеу жасадық, әл келгенше, содан кейін, міне, кетті қазір әл, сосын  мына ЧСниктерді шақырып, комиссия келіп,  заключительный справка берді, дом в аварийном состояний деп.  Сонымен мен документтерін жинап,  землянойға  тапсырған, очередьке қойдық деді, не знаю, очередь не двигается, Енді құлайды, көресің ғой, астында қалам, шыға алмай қалам, сосын ана амал жоқ қызымның үйіне кеттім,  баратын жер жоқ басқа.

Тұрғындар бірнеше жылдан бері жауапты мекемелердің табалдырығын тоздырып жүр. Бірақ әлі күнге дейін нақты көмек жоқ деп налиды. 

Қымбат Ниязова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

Пожар болды, өртенді, қайтадан ремонттап тұрдық, енді уже тұратын жағдай жоқ. Құлады, опырылып түсті, это мы чуть-чуть восстановили, үйдің іші да солай.  Жақын арада барып очередь узнала, арендное жилье тоже сегізінші болып тұрмын, оны да күту керек, енді барып сұрауға деген бетімнен бастым, алдында айтқаннан кейін. Акиматқа барғанда, бөтендері базар-вокзал қаңғып жүр, сондай үйіңізге шүкір айтыңыз дегесін.

Бұл аумақта осы секілді 40-қа жуық үй бар. Алайда, қатар орналасқан мына алтауының жағдайы тіпті адам шошырлық. Қазір екеуінде ғана ілдебайлап адамдар тұрып жатыр. Баспананың бірі бірнеше жыл бұрын өртеніп кеткен. Ал жергілікті әкімдік өкілдері болса, бұл үйлердің апатты деп танылмағанын айтады. Себебі алдымен тұрғындардың өздері арыз жазып, 20 мың теңгеден шығындалулары керек. Одан кейін комиссия арнайы қорытындысын шығарады.

Бекболат Нұрашев, Ақтөбе қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы:

Қорытындыда көрсетіледі, ол үйдің тех жағдайы, қандай жағдайда тұрғаны. Сонымен бірге қала әкімдігіне арыз жазады. Сол себепті соған бола комиссия құрылады, комиссия тексеріп, кейін оны авариялық жағдайда деп танылады.

Қазір қала бойынша 25 үй апатты деп танылған. Оның 14-і  көпқабатты, 11-і жеке үй екен. Алайда бұл санатпен кезекке тұрғандарға әзір пәтер беріліп жатқан жоқ.

Жақсыбек КЕМАЛ