$494.87 €520.65 ₽4.91
×

М. Тынышбаев атындағы көлік және коммуникация академиясынан дау шықты

AstanaTV
17.01.2020ж. 20:00
5685
М. Тынышбаев атындағы көлік және коммуникация академиясынан дау шықты

Мұхаметжан Тынышбаев атындағы көлік және коммуникация академиясынан дау шықты. Жоғары оқу орны қызметкерлері ректор оларды жыныстық қатынасқа тартқанын мәлімдеді. Ал ұсыныстан бас тартқандықтан жалақы қысқарып, қызметтерінен айырылғалы тұрғанын жеткізді. Тақырыпты Аршын Кемелжан тарқатады.

Өзінің аты-жөні мен жүзін жасырған азаматша Мұхаметжан Тынышбаев атындағы көлік және коммуникация академиясы ректорының себепсіз қысымына шыдай алмадым, дейді. Жоғары оқу орнында он жылдан бері еңбек етіп келе жатқан ұстазға басшысы қырындап, ерсі қылық көрсеткен көрінеді. Ұсыныстан бас тартқандықтан жалақым қысқарып, жұмыстан кетуімді талап етті деп отыр.

Жұмыс бойынша кабинетіне шақыртады. Өтірік бірдемелер сұрап, маңдайдан сүйеді, беттен сүйеді. Сонымен қырындау басталады. Кейде кальян шегейік, дейді. Өзі кальян шегеді. Түскі асқа шақыртады. Сондай әрекеттермен жәй-жәй басталады. Сосын қарсы шыққаннан кейін басқа бір адамдар арқылы жұмысты себеп қылып, жұмыстан шығып кетсін, дейді. Желтоқсанда меңгеруші шақырып айтты, екі ескерту береміз жұмыстан өз еркімен шығып кетсін деп. Болмаса бап бойынша жұмыстан шығарамыз, деді.

Әзірге заңгердің көмегіне екі қызметкер жүгінген. Олар ректордан ерсі әрекет көрген біз ғана емес деп отыр. 5-6 ұстаздың да басынан өткенін айтты. Бірақ, жұмысынан айырылғысы келмегендіктен шындықты айтуға ешкімнің дәті бармайды, дейді жәбірленуші. Күзетшінің айтуынша, бір жылдан бері жекеменшікке өткен академия ректоры еңбек демалысында көрінеді. Орынбасарлары да оқу орнында емес екенін айтты. 

Бұл істі қолға алған қорғаушының айтуынша, арыз ішкі істер министрлігіне жолданған. Дауды құқық қорғаушылар анықтайтын болады.

Думан БАЗАРБЕКОВ, ЗАҢГЕР:

Осыдан екі күн бұрын маған академия қызметкерлері келіп, құқықтық көмек сұрады. Қазіргі таңда азаматшалардың арызы заңды түрде Бас прокуратура мен ішкі істер министрлігіне және білім министрілігіне жолданды. Арыз қабылданды. Құзырлы органдардың жауабын күтіп отырмыз.

Арызданған академия қызметкерлерінің айтуынша, оқу орнына жаңа басшы келген күннен бастап жаппай қысқарту жүргізілген. Бір жылда екі жүзге жуық адам жұмысынан айырылды деп отыр.

А. Кемелжан