Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Шымкентте базар кәсіпкерлерінің бір тобы шу шығарды

AstanaTV
17.01.2020ж. 20:00
3340
Шымкентте базар кәсіпкерлерінің бір тобы шу шығарды

Шымкенттегі базарлардың біріндегі бірнеше кәсіпкер бүгін арнамызға шағым айтты. Сөздеріне сүйенсек, талайдан көн көрісіне жарап тұрған сауда нүктелері бұзылмақшы. Бесік, қоларба мен сандық сынды үйге қажет заттар сататын орынның орнына заманауи қос қабатты ғимарат тұрғызылмақ. Кәсіпкерлерді тығырыққа тіреп тұрған жаңа нысаннан бұйыруы мүмкін орын ақысының тым қымбаттығы. Білулерінше әрқайсысы  жаңа орындарын 7 млн теңгеден сатып алулары керек. Базарда басшы ауысқан сайын өз орнымызды өзіміз сатып алудан шаршадық дегендер қазіргі басшылықпен бір мәмілеге келе алмай отырғандарын айтты. 

Гүлжан ЕСЕНТАЕВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:

Ол жақ айтады 7 млн бересіз, кеткен расход дейді. Мен 7 млн қалай берем.сонда әр басшы құрам ауысқан сайын мен сатып алуым керек па? Мен местама места бер деп жатырм, мен ақшамды қайтар деп жатқан жоқпын. Сол ақшаны сол жерге жатыстырсын. Екі местаның орнына хотя бы 1 места берсін. -Тегін ба? -Тегін деп те жатқан жоқпын. 7 млн-ның жартысын расходын мақұл оған да көніп жатырмын төлейін деп. Оған көніп тұрған жоқ.

Күнсұлу СӘМЕНОВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:
 
Қазіргі жаңа бастық келмей тұрған кезде бұл жерде басқа бастық болған, мен сол бастыққа ақша бергем мысалыға да, -сол кісіні іздеңдер,- дейді. Мен оны қайдан іздейм. Келген кеткен адамға сонда ақша бере берсем сонда өмір бойы базарға жұмыс істеуім керек па? Менің бала-шағамды кім бағады сонда.

Базардың сыртқы жағына өз күштерімен сауда нүктесін салып алғандардың ұзын саны-жетеу. Өзгесі уақытша жайғасқандар. Шыр-пыры шыққандар да солар. Ал базар басшылары қыстың қақ ортасындағы бұл қарбаласты әкімдіктің талабы деп отыр. Қаңтарда адам аяғы азайған сәтті пайдаланып, көшенің көркін кетірген ескі құрылысты бұзып үлгерсек деген жанталас деп түсіндірді. Орнына мегаполиске лайықтап автобекет пен қос қабатты үлкен сауда нүктесін салмақ. Талап бойынша биыл бітіруі тиіс екен. Ал саудагерлер ұтылмайды. Далада да қалмайдырмаймыз, тіпті салықтан да жеңілдік жасадық деп отыр. 

Ерлан САЙЛЫБАЕВ, «АЛАШ» БАЗАРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Мен олардың бутиктеріне бутик беріп тұрмын.  Просто менікі размері үлкен, олардікі кішіден екі бутик, сондай боп тұр.  -размеріне размер беруін беріп тұрсыз, бірақ бағасы қымбат деп тұр ғой? Бағасы ол кісілер астынан, үстіне шықпаймыз деп сол астына жабысып, бағасы қымбат деп тұр. Үстін мен жарты бағасына беріп тұрм оларға. -Қанша ол?- 3,5 млн теңге. Ол пока еще әлі белгісіз, просто примерно айтып тұрмын да, ертең может ол төмен түсіп кететін шығар стройкамыз арзан боп кететін шығар.


А. Төребекқызы