Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Күннен қуат алатын жаяу жүргіншілер жолы салынуы мүмкін

AstanaTV
09.10.2017ж. 20:00
2764
Күннен қуат алатын жаяу жүргіншілер жолы салынуы мүмкін

Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері күннен қуат алатын жаяу жүргіншілер жолын сынақтан өткізуге дайындалып жатыр. Бұл туралы Үкімет қабырғасында өткен баспасөз мәслихатында Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Гаухар Ахметова хабарлады. Жоба облыс әкімдігінде қолдау тапса, келер жылдың көктемінде университет жанындағы студенттер аллеясында сынықтан өтпек.

Гаухар Ахметова, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры:

Бұл жоба Ұлыбританияға тиесілі. Жаяу жүргішілер жүретін плиталарды қуат көзін алу үшін қолданамыз. Пьезадатчиктер пайдаланылады. Олар асфальттың астына да төселеді. Оларға адам мен көліктердің салмағы әсер етіп, күннен қуат көзін жинайды. Сөйтіп түнде жарық береді.