Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Алматылық бір топ келіншек бет терісіне тегін күтім жасатамын деп, бәлеге қалды

AstanaTV
20.01.2020ж. 20:00
2646
Алматылық бір топ келіншек бет терісіне тегін күтім жасатамын деп, бәлеге қалды

Алматылық бір топ келіншек бетіне тегін күтім жасатамын деп, бәлелге қалды. Осылай деген әйелдер, медициналық орталықтың ақысыз процедурасы жайлы естіп барған. Айтуларынша, клиника мамандары әлдебір қағаздарға қол қойдырып, әрқайсысына несие рәсімдеген. Аталмыш клиникаға алданып, шығынға баттық деген жұртты тілшіміз Әсем Лесбек тыңдап қайтты.

Қала тұрғыны Оксана Ким өзін сорлатқан медициналық орталықты заң алдында жауапқа тартқысы келеді. Келіншекке медициналық орталықтың мамандары қоңырау шалып, ақысыз бет күтімін ұсынған.

Оксана КИМ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:


Алғашында тегін қызмет жасаймыз деді. Кейін бетіме бір-екі процедура жасап болған соң сіздің теріңізге жарты жылға жуық ем жасау керек. Мезотерапия, пилинг сынды процедураларды ұсынды. Мен оның барлығы қымбатқа түспей ме дегенімде жеңілдіктер жасалатынын айтты. Келіп емделіп тұратын болғандықтан мына келісім-шартымызға қол қойыңыз деді. Сөйтсем маған 400-мың теңге көлемінде несие рәсімдепті.

Мамандардың сөзіне «имандай сеніп» несиеге тап болдық деген жалғыз Оксана емес көрінеді. Медициналық орталықтан көңілі қалғандар олар 50 шақты адамды уысына түсірген деп отыр.

Гүлжан ҚАУСОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
 
Маған керек емес. Мен жасай алмаймын мен Шымкентке кетіп қалуым мүмкін дедім. Жооқ ондай болмайды әдемі болу керек. Әйел адамсыз. 40-қа енді келіп жатсыз деп сүйтті. Кредит деп те ойлаған жоқпын, сонша сома екенін білген жоқпын, алдым да қол қойып жібердім. 375 мың теңге мен оны төлей алмаймын, бала-шағам бар жалғызбастымын.

Ирина ФИЛИППОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Орталық мамандары алғаш келушілерге міндетті түрде шәй немесе кофе ұсынады. Оны ішкен соң, өзіңді масайған адамдай сезінесің. Сол кезде қызметкерлер бізді бухгалтерияға апарып, қол қойдырып алады. Менімше сол шәйдің ішінде есіңді жоғалтатын химиялық бір қоспа бар.

Наразы топ көрсеткен медициналық орталықтан мән-жайды білмек болған едік, есік аузынан қайтарды.

Өзін мекеменің әкімшісі ретінде таныстырған азамат басшыларының жұмыс бабымен кетіп қалғанын айтты. Ал заңгер Қайрат Жұртболов елдегі келіншектердің көбі осындағы косметологтарға жаппай алданып жатыр дейді.

Қайрат ЖҰРТБОЛОВ, ЗАҢГЕР:

Бұлар телефонның нөмірін мен білмеймін, қайдан алатынын. Бұлар жаппай звандай береді. Мектептің мұғалімдері бар, зейнетке шыққан адамдар, бала тәрбиелеп үйде отырған әйелдер, мүгедектер бар бүкілі жаппай сол кредитқа отырып жатыр қазір. Міні осы келісім-шарттардың барлығын оқып, зерттеп шығып, біз сотқа жүгінуге мәжбүр болдық. Алты іс бойынша біз жеңіп шықтық. Енді төрт іс Алматы қаласында болады оны сотқа жібердік тағы екі Астана қаласында.

Сондай-ақ, заңгер сан соғып қалғандар көбіне егде жастағы жандар дейді. Келіншектерге әр басқан қадамда дәлелдейтін айғақ жинауға кеңес берді. Ал тегін қызметке қарық боламыз деп, қарыз арқалап қайтқандар енді істі сот пен әкімдікке жеткіземіз деп отыр.

Ә. Лесбек