Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Мемлекеттік қызметкерлер саны 5%-ға қысқарады

AstanaTV
20.01.2020ж. 20:00
5705
Мемлекеттік қызметкерлер саны 5%-ға қысқарады

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер штаты 5%-ға қысқарады. Бұл туралы электронды Үкімет сайтында жарияланған Президент Жарлығының жобасы шықты. Ол 1 сәуірден бастап күшіне енбек. Әзірге 27 қаңтарға дейін жан-жақты талқылаудан өтеді. Мұндай қысқартуға адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық, ауылдар мен ауылдық округтер әкімдерінің аппараты, Жоғары Сот Кеңесі, Қорғаныс министрлігі, Конституциялық Кеңес, Парламент Палаталарының аппараттары, Президент Әкімшілігі, Президенттің Іс басқармасы, Премьер-Министрдің және елдің Тұңғыш Президентінің Кеңсесі, Тұңғыш Президент мұрағаты мен Орталық сайлау комиссиясы қызметкерлері ілігуі мүмкін. Сондай-ақ, Жарлықта "Б" корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына жалпы конкурс жариялап, жұмысқа қабылдауға келесі жылға дейін мораторий енгізу туралы жазылған. Бұл жаңадан құрылатын немесе қайта құрылатын мемлекеттік органдарға қатысы жоқ. Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін елдегі мемлекеттік қызметкерлер санын алдағы бес жылда 25% - ға қысқарту керектігі туралы айтқан болатын.

А. Мүтәлі