$498.34 €519.72 ₽4.85
×

АН-28 ұшағына тыйым салынуы мүмкін

AstanaTV
09.10.2017ж. 20:00
3569
АН-28 ұшағына тыйым салынуы мүмкін

АН-28 ұшағына тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Тоты Әмірова мәлімдеді. Жақында апатқа ұшырап, 5 адамның өмірін қиған ұшақ  сол АН-28 болатын. Жыл басынан бері шағын авиациядағы апаттан 11 адам ажал құшты.  

Қазақстанда АН-28 көп те емес. Бар-жоғы жетеу. Оның төртеуі ұшуға жарамсыз. Біреуі жақында апатқа ұшырап, 5 адамның өмірін жалмады. Қалған екеуі ғана. Енді оларға да тиым салынуы мүмкін. Шағын авиацияда барлығы 662 ұшақ тіркелген. Оның жартысы ғана ұшуға рұқсат алған. Мамандар елде қолданыс мерзімі 25 жылдан артық ескі ұшақтар көп дейді. 

Тоты Әмірова, ҚР ИЖД министрлігі, Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары:

Остаются "в живых" всего два воздушных судна, и к ним будет применена инспекция Комитета гражданской авиации, после этого инженеры будут решать.

Жыл басынан ресми түрде бері 5 әуе апаты тіркелді. Азаматтық авиация академиясы оқу-жаттығу кезінде болған тағы бір апатты жасырып отырған көрінеді. Қазір орталықта жаттығу жүргізуге тиым салынған.

Тоты Әмірова, ҚР ИЖД министрлігі, Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары:

Одну они скрыли, мы обратились в прокуратуру. Так как нам прислали фото. До сих пор ответа учебного центра при Академии нету.

Бүгін белгілі болғандай, Астанда да жаңа оқу орыны салынбақ. Мамандарды шетелге біліктілігін жетілдіруге жібермей, елде оқытамыз деп отыр. Жетекші білім ордаларымен меморандум жасалмақ. Оқу орнын ашу келесі жылға жоспарланған. Десе де, әуе паркі ескірген. Оны жаңартпай, мамандар қанша білікті болса да, ештеңе өзгермейді, дейді Әмірова. Бірақ ескі лайнердің қожайындары да өліспей беріспейді екен.

Тоты Әмірова, ҚР ИЖД министрлігі, Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары:

Олар кәсіпкерлер, түрлі жерге шағымданады. Кәсіпкерлер палатасы, Ұлттық экономика  министрлігі. Ұшуға тиым салғанмен, оларды алмастыру қажет. Алқаптар, мұнай-газ құбырлары қалай қаралады, өрт қалай сөндіріледі, науқастар қалай ұшады?  Жаңа ұшақ сатып алуға қаржы қажет.

Бүгін авиация мамандарын даярлау бойынша өткен симпозиумда сала басшысы Жеңіс Қасымбек, жиілеп кеткен апаттар жүйедегі дағдарысты білдіремейді, десе,  «Қазаэронагвигация» басшысы бәрі салығырттықтан дейді.

Азат Бектұров, ҚР "Қазаэронавигация" РМК бас директоры:

Очень плохо. Не может не настораживать. Вот это безалаберность во многом некоторых участников рынка.

Білікті дәрігерлер мінген ұшақтың қара жәшігі Мәскеуге жіберілген. Тергеу нәтижесі әзірге белгісіз.  

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ