$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Балабақша тәрбиешілері үш жыл бойы жалақысын толық алмай жүр

AstanaTV
21.01.2020ж. 20:00
3930
Балабақша тәрбиешілері үш жыл бойы жалақысын толық алмай жүр

Түркістан облысы, Созақ ауданы Жартытөбе ауылы балабақшасының 40-қа жуық тәрбиешісі үш жылдан бері жалақысын толық ала-алмай жүр. Тіпті бірнеше ай бойы жарты айлыққа жұмыс істедік деп отыр. Редакциямызға хабарласқан «Жұлдыз» бөбекжайының қызметкерлері ай сайын еңбекақының 30-40 пайызын алатынын айтты. Қаржыдан қысылған жұмысшылар жергілікті әкімдікке де шағымданыпты. Бірақ "баяғы жартас сол жартас" дейді.

ЖАРТЫТӨБЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Жаңадан бастық келген еді қысқарту жасап жатыр. Әрқайсысың ай сайын без содержанияға шығыңдар деп жатыр. Үш жыл болды айлықты толық алмаймыз. Майдан бастап, зейнетақы қорына да қаржы түспеген. Оған қоса қосылған ақшаны да қоспай отыр.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


Дәл қазір осы мәселеге жауапты Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе ауылының әкімі Болат Есенқабыловпен хабарласып, мән-жайды анықтап көрейік. Қайырлы кеш, Болат Лесбекұлы! Сіз тікелей эфирдесіз. Тәрбиешілердің еңбекақысы неге толық берілмей келеді?


Болат ЕСЕНҚАБЫЛОВ, ЖАРТЫТӨБЕ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ:

Тәрбиешілердің өтемақысы 2019 жылдың қорытындысы бойынша, заңға сәйкес төленген. Бұл қызметке тағайындалғалы барлық қаржылық шығыстарды тексеріп көргенмін. Балабақшаға тиісті қаржыны беріп отырмыз.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Енді тәрбиешілердің толық жалақысын қашан қайтарасыздар?

Болат ЕСЕНҚАБЫЛОВ, ЖАРТЫТӨБЕ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ:

Қазіргі кезде қысқарту орын алған жоқ. Тіпті қысқарту болғанның өзінде барлығын жұмыспен қамтитын боламыз.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Сұхбатыңызға рақмет! Еске салайын бізбен тікелей эфирде байланыста болған Жартытөбе ауылының әкімі Болат Есенқабылов. Тұрғындардың мәселесі жақын арада шешіледі деп сенеміз. Біз де бұл жағдайды өз бақылауымызға аламыз. Қымбатты көрермен, сіздің де мәселеңіз болса, экрандағы телефонға хабарласыңыз! Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауап іздейміз.


Ғ. Утемисов