Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Тараздық тұрғындар өз үйлеріне кіруге қорқып отыр

AstanaTV
22.01.2020ж. 20:00
4093
Тараздық тұрғындар өз үйлеріне кіруге қорқып отыр

Тараздық тұрғындар әлеуметтік аз қамтылған жандарға арендалық негізде берілген тұрғын үйден түк қалмады деп дабыл қақты. Ал баспана осыдан 6 жыл бұрын берілген. Қазір шатырынан су ағып, балкондары уатылып жатыр. Қағаз үйге ұқсас құрылыстың сыртқы жабындысы- жел тұрған сайын сыпырылып түсетін көрінеді. Үрей құшағындағы тұрғындармен тілшіміз кездесті.

Бұл 13 мөлтек ауданындағы нөмірі 36 және 37 үй. Тұрғындарды бәрінен бұрын үй іргетасының сыр бергені алаңдатып отыр. "Төбесінен су аққаны былай тұрсын, бес қабатты үй бір жағына қарай қисайып бара жатыр",- дейді. Ал, шатырдың талапқа сай жабылмауынан жаңбыр мен қар суы 1-ші қабатқа дейін жететін көрінеді.

Бақыт ШАҒЫРБАЕВ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Өткен жылы эксперттер келді. Сөйтіп үйлеріңіз оңға қарай қисайған деп айтып кетті. Апатты жағдайдағы үй деген. Қисаятын жөні бар. Неге десеңіз, подвал суға толған. Салынған қытайдың трубалары өздігінен атылып жатыр.

Әр қайсысы 75 пәтерлі қос үйдің қозғайтын мәселесі мұнымен бітпейді. Мұндағы тұрғындар өз пәтерлеріне тіркеле алмай әлек. О баста қос үйге берілген құжаттардың дұрыс болмауынан көпбалалы отбасылар мемлекеттен берілетін әлеуметтік көмектен қағылып отырғанын айтты.

Ғазиз ЕРАЛИЕВ, ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАТЫНАСТАР БӨЛІМІНІҢ БАСШАСЫ:


2016 жылы миграция мен юстиция базасы біріккенде интеграция болып, аталған екі үй тіркелмей қалып кеткен. Күні кеше ғана сол үйлердің толық қабалдау актісін таптық. Енді тіркеу жұмыстарын осы бір ай шамасында бітіреміз.

Айтылған кемшіліктерді үйді салған мердігер жоюы тиіс болған. Алайда құрылыс компаниясы 2018 жылы бакротқа ұшырап, жабалып қалыпты. Биыл тұрғын үй қатынастар заңына 7-ші қаңтардан бастап енгізілген өзгерістерге сәйкес тұрғындар өздері басқару органын тағайындауы керек. Сөйтіп, пәтер иелері шот ашып, ақша құюы қажет. Содан соң жыл соңында жиналған қаражатқа жоғарыда айтылған мәселер шешіледі дейді мамандар.

Б. Жұмабайұлы