Қостанайлықтар қалың қардың құрсауында қалдық деп шағымданды. Жеке сектор тұрмақ, көпқабатты үйлердің ауласы да ақ ұлпадан аршылмаған. Ал мамандар қар әдеттегіден екі есе көп түскенін айтып отыр. Қармен келген қарбалас жайлы Заңғар Санай баяндайды.
Бұл қаланың қақ ортасындағы көпқабатты үйдің ауласы. Дәл осындай көріністі кез-келген ауладан көруге болады. Тау боп үйілген ақ ұлпаны пәтер иелері копперативі тазалауы тиіс. Аумағына атүсті қарағандарға алғашқы ескерту жасалды. Алдағы уақытта айыппұл салынады.
БЛИЦ:
- Биыл қар көп.Тазалап жатыр жақсы.
- Тырысып жатыр ғой. Бірақ болмай жатыр ғой мынау қар қайта-қайта жауып,тазартылмаған жерлер бар ғой. Албарлар дұрыс тазартылмай жатыр.
- Үлгермей жатыр. Дворда екі-үш күн қар жатады. Сосын тазалайды. Жолдарды, тратуарларды тазаламайды дұрыс.
Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ:
Қаладағы жеке сектор аумағы да қалың түскен қардың құрсауында жатыр. Тау боп үйлген ақ ұлпаны ешкім аршымаған. Тұрғындар көктемде қызыл судың зардабын тартамыз ба деп алаңдаулы.
Аманжол МЫРЗАҒАЗИН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Қар көп. Частный секторда Су көп болады, патоп болады дейді. Содан қорқып жатырмыз.
Қауіптің алдын алу үшін қала ішіндегі қарды тысқа шығаруға тырысып жатырмыз - дейді тұрғын-үй және коммунальдық шаруашылық бөлімінің басшылары. Алайда қар қалыпты жағдайдан екі есе көп түскендіктен көп жерді күреп үлгермей жатқан көрінеді.
Нұралы ЕСІРГЕПОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
Ikomek арқылы шағымданушылар өте көп. Инстаграмға да жазып жатыр. Біз шамамыз жеткенше көрсетілген мекен-жайды немесе аумақты қардан тазартуға тырысып жатырмыз.
Қала көшелерін қардан тазарту жұмыстарын «Қостанай адалдық алаңы» жобалық кеңсесі де бақылауға алды. Кеңсе жанынан құрылған арнайы топ қар құрсауында қалған қалың жұрттың тілек-арызын тиісті мекемелерге жеткізеді.
Анжела ӘЛЖАНОВА, «QOSTANAI-ADALDYK ALANY» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Бізге қар басқан мекен-жайларын айтады. Біз оны 109 Ikomek қызметіне жөнелтеміз. Кейін бұл хабарлама мердігер ұйымдарға жеткізіледі.
Қаланы қардан тазартуға 5 мердігер ұйымның жұмысшылары мен 140-қа жуық техникасы түгел қамтылған. Олар тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр,-дейді әкімдік өкілдері.
З. Санай