$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Балқашқа жолмен емес, әуемен жету мүмкіндігі туды

AstanaTV
22.01.2020ж. 20:00
3110
Балқашқа жолмен емес, әуемен жету мүмкіндігі туды

Енді Балқашқа шоқалақ жолмен емес, әуемен жетуге болады. Бүгін 2 жылдық күрделі жөндеуден кейін аэродром ресми қайта ашылды. Мұнда енді әскери ғана емес, жолаушылар ұшағы да қатынай алады. Қазір туристік аймаққа ұшуға қызыққан әуе компаниялар лицензия алып жатқан көрінеді. Әлішер Өмірзақтың матераилында.

Әлішер ӨМІРЗАҚ, ТІЛШІ:


Біз қазір Балқаш аэродромындамыз. Мұнда екі жыл бұрын құрылыс жұмыстары басталған болатын. Ал дәл қазір бірінші болып Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев осында қонды.

Неміс технологиясымен төселген бетонға министрдің аяғы тигені сол-ақ еді, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары мен Балқаш қаласы әкімі бастаған топ құрмет көрсетіп күтіп алды. Министр әскери киім кигенімен, аяғына ілгені қарапайым етік болды. Ұшып келген ұшағы Испандық C-295 болса, келесі нүктеге жапонның көлігімен аттанды.

1967 жылы салынған «Балқаш» аэродромы негізінен елдің әуе қорғанысына жауапты жас ұшқыштарды дайындау үшін пайдаланылып келген. Енді оның жаңа деңгейге өтуі ел қауіпсіздігі үшін үлкен маңызға ие, дейді министр.

Нұрлан ЕРМЕКБАЕВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ:

Әуе қорғанысы күштеріне кез-келген сәтте еліміздің әуе шебін қорғауға қабілетті және әзір болу міндеті жүктелген. Әскери қызметшінің қазіргі заманғы жауынгерлік авиациялық техниканы сапалы меңгеруі ұшу шеберлігін арттыруы әзірліктің негізгі факторы болып табылады.

Болашақ елдің әуе қаупсіздігін қамтамасыз ететін жас ұшқыштардың бірі Дәулет Қанатұлы. Әуе қорғаныс күштері әскери институтының IV курс курсанты.

Даулет РАХЫМБЕРДІ, Т.Ж. БИГЕЛДИНОВ АТЫНДАҒЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫС КҮШТЕРІ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫНЫҢ IV КУРС КУРСАНТЫ:

Балқаш әуе айлағы ұзартылған, 2,5 мың метр. Қазір түңгі, күндізгі ұшу рұқсаттары бар. Осы жылға алға қойылған 30 сағат. Осы 30 сағатты Балқаш әуе айлағында ұшуды жоспарлап отырмыз.

Әскери дайындықтан бөлек жаңарған аэродром азаматтық ұшақтарды да қондыра алады. Яғни туристік әлеуеті бар Балқашқа келем деген туристер жақын арада қотыр жолмен емес, ұшып келе алады.

Нұрлан МҰСАБАЕВ, №53898 ӘСКЕРИ БӨЛІМ КОМАНДИРІНІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

Күрделі жөндеу жұмысын жүргізу арқасында азаматтық авиацияның кез-келген түрін қабылдай аламыз. 5 қазақстандық әуе компания қызығушылық танытып отыр. Қазіргі уақытта лицензия алу үшін өтініш білдірді.

Ал жауапты құрылыс компаниясының өкілі жөндеу жұмысына шетелдік технологияларды қолданғанын, ал жұмысқа жергілікті тұрғындар тартылғанын айтты.

Ә. Өмірзақ