Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Кентау қалалық емханасының» бір топ қызметкері басшылыққа наразы

AstanaTV
23.01.2020ж. 20:00
3487
«Кентау қалалық емханасының» бір топ қызметкері басшылыққа наразы

Түркістан облысы «Кентау қалалық емханасының» бір топ қызметкері басшылыққа наразы. Қыркүйек айында келген Бас дәрігер өзімен командасын ерте келді, дейді. Жыл сайын бөлінетін сыйақы да әртүрлі беріліп, ұжымда кикілжің туған. Дәрігерлер Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасына арыз жазған. Бірақ жауап жоқ. Арнамызға хабарласқан емхана қызметкері басшылық бұл мәселені шешудің орнына, әркімге сес көрсете бастағанын жеткізді. Сондықтан аттарын жариялауға да қорқытындарын айтты.

МЕДБИКЕ:

Осы жылдың аяғында бәріміз бір оклад, ставкада істейміз ғой. Күтіп, жаңа жылдың алдында, декабрьдің аяғында кішкене тиын-тебен аламыз-ау деп күтіп жүрген ақша әділ бөлінбеді. Жұмыс істеп жүрген жұмысшы халық аз алдық та, кабинетте, креслода отқандар өздеріне көп жазып алған. 

Емхана қызметкерлері осы мәселе араласуымызды сұрады. Біз Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасына хабарласып көрейік.

Алдын ала жағдайды айтып сұқбатқа келісу үшін аталған басқарманың баспасөз хатшысымен тілдескен едік. Жаңа өздеріңіз көрдіңіздер, жауап жоқ. Бұл мәселеге жауапты маманды бізге тауып бере алмады. Тіпті оның себебін де түсіндірмеді. Тек дүйсенбі күні ғана жауап бере алатындарын айтқан еді. Бұл жауап біздің де көңілге күдік ұялатты. Сондықтан бұл мәселе біз өз бақылауымызда аламыз. Қымбатты көрермен, сіздің де мәселеңіз болса, экрандағы телефонға хабарласыңыз! Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауап іздейміз.

Ә. Өмірзақ