«Jas Otan» жастар қанатына төраға сайланды. Жаңа басшыны тағайындау рәсіміне «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қатысты. Ол жасотандықтар алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерді айқындап, ұйым мүшелеріне мол жауапкершіліктің жүктелгенін атап өтті. Сонымен қатар, жастар үшін өзекті мәселелерді шешуде 33-жастағы Елнұр Бейсенбаевқа сенім білдіретіндіктерін жеткізді. Жаңа төрағаның жастар саясатында тәжірибесі мол. Студенттік жылдары жастар ұйымдарының белсенді мүшесі болған. Мемлекеттік қызметте және Үкіметтік емес ұйымдарда да жұмыс істеген.
Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Елбасы нақты тапсырма берді. әрбір мәслихатты, кез келген мәслихатты ең кем дегенде 20 пайызы жастар болу керек. Ал бұған қарасақ, әрбір ауданда, әрбір қалада облыстық деңгейде 700-ден астам насихат депутаттары бола алады. Мәслихат қабылдаған кезде, біздің қаламыз, біздің ауданымыз, біздің өңіріміз немесе Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары қай бағытта жүреміз, не шешеміз, халыққа қандай уәде береміз, не айтамыз деегн кезде соны жастар айтып, қатысуы керек. Соны жастар айтқан кезде, шет қалмасын!
Бұған дейін «Jas Otan» жастар қанасының төрағалық қызметін Дәулет Кәрібек атқарып келді. Ол Президенттік кадрлық резерв тізіміне кіруіне байланысты өкілеттігі тоқтатылған. Енді ол өзінің жастар саясатындағы мол тәжірибесін мемлекеттік қызмет саласында іске асырмақ.
А. Мүтәлі