Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына министрлік біркүндік жалақыларын аударды

AstanaTV
10.10.2017ж. 20:00
2496
Ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына министрлік біркүндік жалақыларын аударды

Санавиациялық ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасыларына көмек ретінде Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері біркүндік жалақыларын аударды. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкімет үйінде өткен баспасөз жиынында мәлімдеді. Жыл сайын санитарлы авиация қызметіне бюджеттен 5 млрд теңге бөлінетін көрінеді. Алайда министр ол қызмет әлі де жетілдіруді қажет ететінін айтты. 

Елжан Біртанов, Денсаулық сақтау министрі:

Тасымалдау көліктерінің қызметкерлеріне талапты күшейтуі және олардың қауіпсіздіктерін арттыру мәселесін біз қарастыратын боламыз.

Еске салайық, Алматыдан ұшып шыққан санавиация ұшағы көкке көтерілген бойда құлап, 5 адам ажал құшқан еді. Олардың көмегіне зәру болған түрікстандық науқас та бақилық болды.

Диана САПАРҚЫЗЫ