Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Сыбайлас-жемқорлық индексі бойынша Қазақстан 113-ші орында тұр

AstanaTV
23.01.2020ж. 20:00
7298
Сыбайлас-жемқорлық индексі бойынша Қазақстан 113-ші орында тұр

Пара алу жағынан ішкі істер органдары алдына жан салмай келеді. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мамандары хабарлады.

Данияр БИҒАЙДАРОВ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ АҒА ТЕРГЕУШІСІ:


Негізінен статистика жағына сүйенсек яғни анықталған қылмыстар санатына сүйенсек бұл жақта Ішкі істер министірлігі жағында көп. Ең көп тіркелген қылмыстар, сыбайлас-жемқорлық фактілері сол ішкі істер органдарында.

Дегенмен сыбайлас жемқорлықпен күресу бойынша Қазақстан ТМД-да алдыңғы орында көрінеді. Осының нәтижесі болар Сыбайлас жемқорлық индексі бойынша Қазақстан 113-ші орында тұр. Статистикаға әлемдегі 180 мемлекет қатысқан. Өткен жылы Қазақстан 124-ші орында болғанын айтты. Бір жыл ішінде 3 баллға көп ұпай жинап, 11 позицияға жағдайымызды жақсартыппыз.

Олжас БЕКТЕНОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл нәтижелер Елімізде сыбайлас-жемқорлықтың деңгейі азайып бара жатыр деп көрсетіп жатыр.
Яғни шенеуніктер пара аз алатын болды солай ма?
Иә. Дәл солай.


Д. Мұхаммедкәрім