Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қызылордада аукцион арқылы жер алған кәсіпкерлер кәсібін бастай алмай жүр

AstanaTV
24.01.2020ж. 20:00
2549
Қызылордада аукцион арқылы жер алған кәсіпкерлер кәсібін бастай алмай жүр

Қызылордада аукцион арқылы жер алған кәсіпкерлер кәсібін бастай алмай жүр. Тіпті 8 жылдан бері жерін даулап жүргендер де кездеседі. Біздің арнамызға хабарласқан кәсіпкерлер мәселе араласуымызды сұрады. Әріптесім Шарипа Сақтапова тараптарды тындап көрді.

Қызылордалық кәсіпкер өткен жылдың шілде айында 13 миллион теңгеге аукцион арқылы үлкен аумақты алған. Мақсаты балаларды дамыту орталығы мен бизнес кешенін салу болыпты. Иеленген 48 сотық жерінде екі футбол және балаларға арналған ойын алаңдары, дүкен мен жаяу жүргінші жолы орналасқан. Оның барлығын қалдырып, тек учаскенің қақ ортасына түскен бір ғана футбол алаңын алдыртуды көтерген кәсіпкер жарты жылдан бері мәселесін шеше алмай жүр.   

Эльвира МАҚАШЕВА, КӘСІПКЕРДІҢ ӨКІЛІ:

Акиматқа арыз бердік. Олар бізге алып тастаймыз деп уәде берді жиналыста прокурордың қатысуымен. Прокурордың өзі айтты: сіздерден самовольный захват болып тұр, ол жақ сіздердің участок емес, алып тастаңыздар деп сол кезде айтылды. Қала әкімшілік өкілі мойындады кіріп тұрғанын, 4 күн ішінде жауабын береміз деп айтылған тұғым. Бір аптадан кейін: бізде оған қаражат қарастырылмаған, сотқа жүгінуінізге болады деп бізге жауап беріп тұр.  


Ал, жергілікті кәсіпкер Құмарбек Төлегенов болса аукцион арқылы 1 сотық жерді 50 мың теңгеге жалға 2012 жылы алыпты. Бірақ сол жерге қазық қаға алмай сандалып жүргеніне 8 жыл болған.

Құмарбек ТӨЛЕГЕНОВ, КӘСІПКЕР:

Көк қағазымды алдым 1 сотық жердің. Жалантос Бахадур деп берген. Көрсетілім бойынша ол жер тротуарға шығып кеткен есебі бойынша, сонымен маған ауыстырып берді жерді. «Ахмед Байтұрсынов 40 А»-деп. Ол «Ахмед Байтұрсынов 40 А»-ға барып, бүкіл мынау рабочий проектым бар, бәрін істетіп, қоршап, жұмыс бастайтын кезде егесі табыла қойды ол жердің.  Соңғы мына жерден берген болатын, комиссия шешімдері бар. Бірақ осыны қазір прокуратура мен жер қатынастардың бастығы, екеуі бірге отырып, бермей отыр осы жерді. Жасыл желек дейді.

Тығырыққа тірелген олар кәсіпкерлер палатасына жүгінген. Оларды қорғауға кіріскен мамандар барлық сала өкілдерін жинап, бірнеше басқосу өткізіпті. Дегенмен нәтижесі жаман емес. 

Абзал ЫРЫСБЕК, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ, АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі таңда аталған ойын аланы басқа аумаққа көшіру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілетің болады. Қалалақ жер қатынастары бөлімі көшіру үшін бос жер телімдерің анықтау жұмыстарын жүргізуде. 

Жақсылық ЕРЖАНОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:


Төлегенов Құмарбекке Қонаев көшесінен жер учаскесі берілген болатын. Алайда қалалық прокуратура наразылығына сәйкес қабылданған жер комиссияның қорытындысы және жер қатынастар бөлімінің бұйрығының күші жойылған болатын. Қазіргі таңда сот процесі жүргізілуде.

Футбол алаңы қаланың басқа аймағына көшірілетін болды. Оны тиісті мамандар өз мойнына алды. Ал сегіз жыл сандалған кәсіпкер Құмарбек Төлегенов болса сот үкімін күтуге мәжбүр. Содан кейін ғана нақты қадамдар жасалмақ.
 
Ш. Сақтапова