Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

"Астана" телеарнасының ұжымы қар тазалау акциясына қатысты

AstanaTV
24.01.2020ж. 20:00
2016
"Астана" телеарнасының ұжымы қар тазалау акциясына қатысты

Елордалықтар «Біз біргеміз» атты ерекше челленджді қолға алды. Акция қала көшелері мен жеке тұрғын үйлердің ауласын қардан тазартуға бағытталған. Бұл игі бастамадан «Астана» телеарнасының ұжымы да қалыс қалмады. Ұжымдастарым қытымыр қыстың қаһарымен күресіп жүрген мүмкіндігі шектеулі зейнеткер Альфида Дростқа көмек көрсетті. Ауласын қалың қар басқан қария болса, ризашылығын білдірді.

Альфида ДРОСТ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бір аптаның ішінде осыншама қар жиналды. Шыны керек күреуге қатты қиналамын. Есікті қағып, тосыннан көмектесеміз деп келген кезде таңырқап қалдым. Бірақ, өте қуаныштымын осындай игі істің жасалып жатқанына. Сіздерге үлкен рақмет!

Синоптиктер бұрқасын әлі басылмайды деп отыр. Қала маңындағы тас жолдар жабылып, қоғамдық көліктердің де қозғалысы кідірді. Әйтсе де мұндай келеңсіздік, жұрттың бірігуіне сеп болды. Телеарна ұжымы ел жұртшылығын игілікті істі жалғастаруға шақырады.

Ғ.Өтемісов