Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ресейде көлік апаты оқиғасы кезінде автобустың ішінде тағы бір қазақстандық болғаны анықталды

AstanaTV
10.10.2017ж. 20:00
2836
Ресейде көлік апаты оқиғасы кезінде автобустың ішінде тағы бір қазақстандық болғаны анықталды

Ресейдің Владимир облысындағы көлік апаты кезінде автобустың ішінде тағы бір қазақстандық болғаны анықталды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Әнуар Жайнақов мәлімдеді. Оның сөзінше, ол қоғамдық көліктің қызметкері болып шықты. Оңтүстік  Қазақстаннан шыққан автобус жол апатына ұшырап, 17 адам көз жұмған еді. Оның ішінде көлік тізгінінде болған бір жүргізуші қазақстандық болып шықты. Ал екіншісі "Қауіпсіздік ережелерін бұзды" деген баппен қамауға алынған. Ал үшініші азаматтың бұл іске қандай қатысы бар екені анықталып жатыр.

Әнуар Жайнақов, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

Қазіргі таңда Мәскеудегі дипломаттар ресейлік тергеушілермен тығыз байланыста. Осы уақытқа дейін бар ақпарат бойынша, екінші жүргізуші Мәскеу көлік тергеу комитеті өтініші бойынша ұсталған.