Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Жамбыл облысы Талас ауданында қасқыр шауып бір қора қойды қырып кетті

AstanaTV
28.01.2020ж. 20:00
3777
Жамбыл облысы Талас ауданында қасқыр шауып бір қора қойды қырып кетті

Жамбыл облысы Талас ауданында қасқыр шауып бір қора қойды қырып кетті. Түнде 206 бас ұсақ малынан айырылып, шаш етектен шығынға батқан шаруаның ит-құспен алысуға қауқары жоқ. Себебі, жабайы аңды атуға тиым бар. Оның үстіне бөрілерді қорқытып аспанға оқ ататын аңшы қаруы да жоқ. Атадан қалған мылтықты былтыр шенділер алып кетіпті. Аш қасқырлар ашық қораға түнде түскен. Қасқыр құлатқан қойлардың басым бөлігі өлген, тірі қалғандары пышаққа түсті. Айта кетейік, шаруаға келген шығын көлемі шамамен 10 млн. теңгеден асады.

Ақтөре ӘБДЕБАЙ, ШАРУА:
 
Біттім дедім өзім, барына сеніп отырған малым, атымда басқа ештеңе жоқ. Айтып та жеткізу мүмкін емес бұл жағдайды. Қырды, тамақтайды. Пышақтайды. Болды. Ал соған мылтығымыз жоқ біздің. Мылтығымды былтыр алып қойған. 20 жылдық еңбек енді. 2000 жылы келгенбіз. 20 жылдық еңбек кетіп отыр. Бір жылда екі жылда пайда болған жоқ.