$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Тараз қаласының тұрғындары баспана жырын айтып тағы да бас көтерді

AstanaTV
28.01.2020ж. 20:00
2036
Тараз қаласының тұрғындары баспана жырын айтып тағы да бас көтерді

Тараз қаласының тұрғындары баспана сұрап, бас көтерді. Олар 10 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрғанымен, оның жылжитын түрі жоқт дейді. Жалғызбасты және мүгедек бала бағып отырған 30-ға жуық аналар жауапты мекемеге басып кірді.

Көпбалалы аналар қазіргі таңда жалдамалы пәтер табудың өзі қиындық тудырып отырғандығын айтады. Себебі, баспанасын жалға берушілер баласының санын естісе айнып қалатын көрінеді. Барар жер басар тауымыз қалмады деген олар шенділерге келуге мәжбүр болғандарын жеткізді. 

Балнұр САРЖАНОВА, ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мүгедек бала асырап отырмын, қызымның жәрдемақысы дәрісінен артылмайды. Жалдамалы пәтерде тұрғаныма тоғыз жыл болды. 2014 жылдың аяғында баспана кезегіне 5 мың 554-болып тұрғанмын. Кезегім әлі келген жоқ. Қазір 4 мы 463-болып тұр екенмін.

Жанар АЙБОЛАТОВА, ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жағдайы жоқ, жағдайы мүшкіл адамдарға береміз деп айтады. Ол адамдар үміттеніп, арыз жазып жатыр. Бірақ оларға үй мүлдем берілмейді.

Шу шығарып келген аналардың базынасы баспаналы болу. Қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің мамандары оларға басу айтып, үй заңға сай кезекпен беріліп жатыр деді.  

Нұрбек МОЛДАҒЫН, ТАРАЗ қ. ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Қазір салынып жатқан жатақханалар аса мұқтаж адамдарға беріліп жатыр. Көпбалалы аналар бірінші кезекте алып жатыр. Бір-екі баласы бар адамдарға жатақханадан орын берілмейді, Заң бойынша 1 адамға 18 кв метрден болуы керек.

Жиналғандар өңірде салынып жатқан, жатақханалардан үмітті. Одан қайыр болмаса, облыс әкіміне жүгінуге бел байлап отыр. 

Б. Жұмабайұлы