Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Алматыда апатқа ұшыраған «Bek Air» ұшағының 55 жастағы екінші ұшқышы көз жұмды

AstanaTV
29.01.2020ж. 20:00
2524
Алматыда апатқа ұшыраған «Bek Air» ұшағының 55 жастағы екінші ұшқышы көз жұмды

Алматыдағы ұшақ апатынан аман қалған ұшқыш қаза тапты. Дәрігерлер бір апта бұрын ғана ауруханадан үйіне жіберілген науқастың неден бақилық болғанын айтпай отыр. Ішкі істер министрлігі сот медициналық сараптама тағайындалғанын хабарлады. Әсем Лесбек тарқатады.

Жантүршігерлік апаттан аман қалған ұшқыш Мейіржан Молдағұлов қаладағы нөмірі төртінші клиникалық ауруханасына түседі. Денесінің сау-тамтығы қалмаған азамат жансақтау бөлімінде он күн бойы ес-түссіз жатты. Кейін дәрігерлер науқастың омыртқасына бірнеше рет күрделі ота жасалып, беті бері қараған. Қазасынан бір апта бұрын ғана үйіне шығарылған.

Тілеухан ӘБІЛДАЕВ, АЛМАТЫ қ. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Қаңтар күні кешкі сағат 18:00 де жедел-жәрдем бригадасына шақыру түсті. Дәрігерлер келгенде ол кісінің жағдайының өте төмендігін жүрегінің тоқтағандығын аңғарған. Жүрек реанимациясын жарты сағат бойы дәрігерлер жасады. Жүрегі тоқтап өлгендігін біз нақтыладық. Бүгінгі таңда амбулаториялық деңгейде барлық ем-дом уақытылы жүргізілгенін айта аламыз.


Мейіржан Молдағұлов 54 жасқа қараған шағында көз жұмды. Ішкі істер министрлігі марқұмның өліміне қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалғанын мәлімдеді.

Марат ҚОЖАЕВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Кез келген адам өлімі дерегіне қатысты қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалуы тиіс. Алдын ала мәлімет бойынша, оның өлімі әуе апаты кезінде алған жарақаттан, не криминалдық фактордың әсерінен емес. Бұл жерде оның денсаулық мәселесіне байланысты болған сияқты, бірақ нақты себебі сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады. Оған 30 күн кетеді.

Ал «Бек Эйр» әуе компаниясы марқұмның жақындарына өтемақы төлей ме, ол жағы әзірге белгісіз. Әуе компания өклдері сұхбат беруге құлықсыз. Бір анығы еліміздің түкпір-түкпіріндегі билет шығынын алмаған жолаушыларға компания басшылығы әлі де ақшаларын қайтармаған. 

АСЫЛБЕК:

Мен желтоқсанның 27-не Нұр-сұлтан - Шымкент, Шымкент-Нұр - Сұлтан бағытында билет алдым Бек Эйрдан. Апат болып мен ұша алмадым. Енді бір айдан астам уақыт өтті. Бірақ әлі де билет қайтарған жоқ. Кассасындағылар айтады қаңтардың соңында қайтарамыз деп бірақ ақпан айы басталып жатыр, әлі де берген жоқ.

Аталмыш мәселеге Нұр-Сұлтан қаласындағы мәжіліс депуттары да бей-жәй қарай алмайтындарын айтты. Мәжілісмен Азат Перуашев әуе компания зардап шегушілерге заңды және басқа да қолдау жасамағанын атап өтті.

Азат ПЕРУАШЕВ, МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ:

«Бек Эйр» компаниясы алғашқы сәттен-ақ ауруханаларға түскен адамдардың хәлін сұрап, марқұмдардың отбасыларына баруы керек еді. Олар тіпті қаза болғандардың жерлеу рәсіміне де барған жоқ. Құдды трагедияға еш қатысы жоқ бөтен тарап секілді. Кінәні тағы да сол көз жұмған ұшқыштарға арта салатындай көрінеді. Өлгендер өз-өзін қорғай алмайды ғой. Әділдік қайда?

Сондай-ақ, шенділер тоқтатылған рейстер үшін жолаушыларға билет ақшалары тез арада қайтарылуы тиіс дейді. Айта кетейік, елді дүрліктірген ұшақ апатынан сол кезде 12 адам қаза тапқан еді. Ал ауыр жарақат алғандардың көбі бір айға жуық ауруханада ем қабылдады. Ал қаза болған ұшқыштың денесі ертен жер қойнына тапсырылмақ. 

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Жалпы, Қазақстан авиация әкімшілігі тізіп берген кемшіліктерге «Бэк Эйр» басшылығы міз бақпай отыр. Керісінше, авиация әкімшілігі ұшу туралы сертификатты тоқтатқанына наразы.

Ә. Лесбек