$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Шымкент қаласының тұрғыны протездің сапасына шағымданды

AstanaTV
29.01.2020ж. 20:00
2724
Шымкент қаласының тұрғыны протездің сапасына шағымданды

Шымкент қаласының тұрғыны протездің сапасына шағымданды. Эльмира Айдағарова ІІІ топ мүгедегі. Мектеп кезінде көлік апатына ұшырап, оң аяғынан айырылған. Мемлекет есебінен берілетін жасанды аяқты бірнеше жыл Алматыда қойып келген, кейін Шымкентке көшкен. Ал мұнда жасалған протез киюге жарамайды деп отыр.

Эльмира АЙДАҒАРОВА, ІІІ ТОП МҮГЕДЕГІ:

Мен оң жақ аяғым протез. Авариядан болған, жамбастан. Протезім өте күрделі. Протезный центр ашылған, аты «Көгершін». Тендерден  ұтқан осы, частный. Ол жерде протезді бір рет істеттім, бірақ нашар істелінді. Кие алмадым. Алматыға істетсем деймін.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Осы мәселеге байланысты Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына хабарластық. Бізбен тікелей байланысты Заң қызметі жөніндегі бөлім басшысы Ержан Серікбаев. Қайырлы кеш! Тендерді ұтып алған мекеменің жұмысы қаншалықты көңілден шығады? Оларға шағымданған адамдар көп пе?

Ержан СЕРІКБАЕВ, ШЫМКЕНТ Қ. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗАҢ ҚЫЗМЕТІ ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Қайырлы кеш! Бүгінгі таңда «Көгершін» Мүгедектер ҚБ-не жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапына бір азамат шағымданған. Шағымы бойынша бұл кісі сот сараптамасын жасауға өтініш жасаған. Сот сараптама тағайындау бойынша басқарма тарапынан біз Шымкент қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз жолдадық. Бүгінгі таңда бұл сот сараптамасы 2019 жылдың 18-ші желтоқсанында тағайындалып, сот өз жалғасын табуда.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Протезді Шымкенттен емес, бұрынғыша Алматыдан салғысы келеді. Ол мүмкін бе?

Ержан СЕРІКБАЕВ, ШЫМКЕНТ Қ. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗАҢ ҚЫЗМЕТІ ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Әрине, 2020 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап бірыңғай әлеуметтік портал өзінің жұмысын бастады. Бұл жерде мүмкіндігі шектеулі азаматтар оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша осы порталға тіркеле отырып, жаңағы құралдарды өздері портал арқылы таңдауына мүмкіндік болады алдағы уақытта. Бұл портал пилоттық режимде Шымкент қаласында жұмыс істеп жатыр.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Жалпы протезге мұқтаж адамдардың саны қанша, тапсырысты толық қамтып жатсыздар ма? Мұқтаж адамдар жоқ па?

Ержан СЕРІКБАЕВ, ШЫМКЕНТ Қ. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗАҢ ҚЫЗМЕТІ ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Бізде Шымкент қаласында протезге мұқтаж азаматтар 2019 жылы 3200 болатын болса, олардың барлығы протезге өтініш білдірген және өтініштері толық қанағаттандырылған. Жалпы Шымкент қаласында 36500 мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Жақсы, сіздер де толық тексеріс өткізіп, тиісті шешім қабылдаған соң протез сапасы жақсарады деген сенімдеміз. Бұл мәселе біздің бақылауымызда болады. Қымбатты көрермен, сізді де алаңдатқан сұрақтар болса, экранда көрсетілген телефонға хабарласыңыз! Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауап іздейміз.

Ә. Өмірзақ