$518.97 €607.3 ₽6.64
×

«Аракс» танкерінде жұмыс басталды

AstanaTV
10.10.2017ж. 20:00
2641
«Аракс» танкерінде жұмыс басталды

«Аракс» танкеріндегі мұнай қалдықтарын жою бойынша жұмыс осы аптада басталмақ. Бүгін Баутино портынан қазір кеме орналасқан Песчан мүйісіне «Батыс-Мұнай сервис» компаниясының мамандандырылған техникасы келіп жетті. Айта кетері, бұл - кеме құрамындағы қалдықты жоюға өтініш білдірген жалғыз кәсіпорын болды.

Кеме бортында мың тоннаға жуық мұнай қалдықтары, жанар-жағармай материалы, балластық су мен басқа да қалдықтар бар. Утильдеу жұмыстары екі аптаға созылуы мүмкін. "Араксты" тазартып болған соң, қалдықтар мамандандырылған полигонда жойылады. Еске салсақ, су көлігі Песчан мүйісіне өткен жылдың қарашасында тоқтаған. Сол кезде қазақстандық тарап ресейлік әріптестеріне қауіпті танкерді әкетуді талап еткен еді. Алайда сол кезде кеме қожайыны болып табылған «Транс Каспий» ЖШС банкрот деп жарияланған.

Есенқос Әділбаев, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары:

Олар 9-қазаннан бастап жұмысын бастап кетті. Сол теңізде жұмысты бастау үшін қауіпсіздік жағын қарастырып жатыр. Осы қазанның 12-13-терінде «Аракс» кемесінен мұнай қалдықтарын сору жұмыстарын  бастайды.