$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматыда «Бек Эйр» әуе компаниясының екінші ұшқыш жерленді

AstanaTV
30.01.2020ж. 20:00
2270
Алматыда «Бек Эйр» әуе компаниясының екінші ұшқыш жерленді

Алматыда қаза болған ұшқыш Мейіржан Молдақұловтың денесі бүгін жер қойнына тапсырылды. 54 жастағы пилотпен қоштасуға марқұмның туыстары мен алыс-жақын ағайындары түгел жиналған. Жұрт арасында ұшқыштың 15 жыл бойы тер төккен «Бек Эйр» әуе компаниясының басшысы да болды. Бірақ мекеме өкілі журналистерге сұхбат беруден бас тартты.

Осылайша, әуе компания басшысы марқұмның жақындарына өтемақы төлеуден бас тартқандай. Айта кетейік, 54 жастағы Мейіржан Молдағұлов жантүршігерлік апаттан аман қалған екінші ұшқыш болатын. Бірнеше отадан соң беті бері қараған азаматты дәрігерлер өткен аптада үйіне шығарды. Ауруханадан сап-сау шыққан марқұмның хәлі өз үйінде күрт нашарлап жүрегі тоқтаған. Ішкі Істер Министрлігі аяқасты өлімның себебін сот-медициналық сараптамасынан соң анықтамақ. Ал қаза болған пилоттың артында екі баласы мен жұбайы қалды. 

Станислав ПРАСЛОВ, БҰРЫНҒЫ ӘРІПТЕСІ:

Мейіржанмен 25 жыл бұрын танысқан едік. Мықты азамат еді. Өз ісінің маманы болды. Мақтан тұтатынмын. Өте қайғылы жағдай. Жас кетті.

А. Лесбек