Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Ғылыми жобалар енді жыл сайын қаржыландырылады,- А.Аймағамбетов

AstanaTV
31.01.2020ж. 20:00
2274
Ғылыми жобалар енді жыл сайын қаржыландырылады,- А.Аймағамбетов

Ғылыми жобалар енді жыл сайын қаржыландырылады. Бұл ғалымдардың ізденіп, белгілі бір нәтижеге жетуіне үлкен септігін тигізеді, дейді министр Асхат Аймағамбетов. Ал бұған дейін арнайы гранттық конкурстар үш жылда бір рет қана өткізілетін. Алдағы 5 жылға арналған білім беру мен ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасының тың жаңалығының бірі  осы. Бұл жаңалық әсересе ғылымға бет бұрытындардың көбеюіне сеп болмақ.

Ерлан РАМАНҚҰЛОВ, ҚР БҒМ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ ҰЛТТЫҚ БИОТЕХНОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Мәселен 2017-ші жылы бастаған ғылыми жобаңды, арада үш жыл өткен соң нәтижесін арнайы комиссияға көрсетесің.  Өтпей қалса тағы үш жыл күтетсің, яғни 2023 жылға дейін, мысалы. Ал сен бұл уақытта ғылымға ғана көңіл бөлсең қалай күн күресің? Сондықтан  ғалымдар үшін бұл жақсы жаңалық.


Ә. Өмірзақ