Короновирус Қазақстан экономикасына да әсер етпей қоймады. Доллар 2 теңгеге қымбаттады. Ал аспан асты елінен тауар әкеліп отырған кәсіпкерлер саудасы тоқтағалы тұр. Сарапшылар бизнесмендер банкрот болады деп болжайды. Инфекцияның тағы қандай әсері бар? Асем Лесбек тарқатады.
Ауру ошағы тараған Ухань қаласынан студенттер елге аман-есен жеткізілді. Елдің бас санитар дәрігер олардың бақылауда болатынын хабарлады.
Жандарбек БЕКШИН, ҚР БАС САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:
Кеше Уханьнан келген біздің азаматтардың саны эвакуцияланған саны 89 оның ішінде 83-і қазақ азаматтары, 80 студент, сондай ақ 5 беларус азаматы, 18 -қырғызтан, 1 - і армения азаматы. Жағдайлары қанағаттандырарлық. Ешқайсыларына короновирус байқалмайды. Соған қарамастан олар 14 күн бойы каратинде болады.
Бүгіннен бастап Қытайдан ұшып келетін барлық әуе рейстері тоқтатылған. Қазір Алматыдағы әуежайда 80-ге жуық эпидемиолог әрбір жолаушыны жіті тексеріп отыр. Бұл туралы тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаменті хабарлады. Департамент басшысы жолаушылардан коронавирус анықталған жағдайда 240 орынға арналған оқшауланған изолятор дайын дейді.
Айзат МОЛДАҒАСЫМОВА, ТАУАРЛАР МЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫН ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:
200 орын №1 қалалық емханада дайын тұр. Оның ішінде ересектерге арналған 20 төсектік бокстар жұқпалы ауруларға арналған ауруханада, ал 20 төсек балалар ауруханасында. Сондай-ақ бүгіннен бастап әрбір қаладағы барлық емханаларда изоляторлар ашылады. Бүгін соңғы рейспен Қытайдан Алматыға 200 адам келді. Азаматтардан короновирус анықталмады.
Қауіпті кеселдің кесірінен әлемдегі ең ірі тұтынушы Қытай қара алтынға деген сұранысты күніне 3 млн баррельге дейін азайтқан. 20 қаңтардан бері мұнайдың бағасы 10 пайызға түскен. Экономистер індет мұнайшыларды ғана емес, кәсіпкерлерді де тығырыққа тіреді дейді.
Арман БЕЙСЕНБАЕВ, ЭКОНОМИСТ:
Көрші елдегі ахуал ақпанның ортасына дейін тұрақталмаса, елде дағдарыс болуы мүмкін. Барахолка базарындағы саудагерлердің жағдайы төмендемек. Елдегі қытайлық дүкендердің де саудасы тоқтайды. Тіпті қоймада сақтаулы тұрған тауарлар да бірер айда бітері сөзсіз.
Қазір вирустың алдын алу үшін еліміздің шекараларында сақтық шаралары күшейтілген. «Қорғас» халықаралық сауда орталығы 15-ші ақпанға дейін жабылды. Қала базарларындағы қытай тауарын сататын кейбір дүкендердің саудасы да тоқтаған. Кәсіпкер Бағлан Кенжебаев мына автобөлшектерді Қытайдың Жинан қаласынан алады. Ол шекарадағы тәртіп өзгергелі бері, тауарсыз отырмыз дейді.
Бағлан КЕНЖЕБАЕВ, КӘСІПКЕР:
Бізде походовой запчасти, подвигителю запчасти сатамыз. Соңғы рет желтоқсан айында алып келдік. Аяқ жағында кіргіздік. Сол одан басқа кіргізген жоқпыз. Жиырма бесінші мартқа дейін жабық болады деп айтып жатыр.
Коронавирус Қытайдың барлық аумағына тараған. Соңғы мәлімет бойынша, індеттен көз жұмған адам саны 361-ге жетті. Бұдан бөлек, тағы 2200-ден аса науқас аса ауыр хәлде жатыр. Десе де вирусты жұқтырып, артынша айығып кеткендер де жоқ емес. Қытай билігі 475 науқастың қауіпті індетті жеңіп шыққанын мәлімдеді.
Ә. Лесбек