Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Астана» баскетбол командасы жаңа ойыншыларын таныстырды

AstanaTV
06.10.2017ж. 20:00
3661
«Астана» баскетбол командасы жаңа ойыншыларын таныстырды

«Астана» баскетбол командасы ВТБ Бірыңғай лигасының жетінші маусымына дайын. Белгілі болғандай, команда құрамы өзгерген. Бірқатар легионерлердің орнын 6 шетелдік ойыншы басты. Жаттықтырушылар да ауысқан. Енді баскетболшыларды грек мамандары жаттықтырады. Іс жүзінде команда үшін маусым өткен айда басталды. Қазақстандық клуб Азия чемпионы кубогінде алғаш рет қола жүлдені иеленді. Сол себепті, ойын болды деп айтуға болады. Басты міндет- жергілікті біріншілікке және ВТБ бірыңғай лигасына шығу. «Астананың» алғашқы матчы осы жексенбіге белгіленген. Мәскеулік ЦСКА-сы да осы күні бақ сынайды күтілуде. Бұл команда біздің ойыншылардың соңғы қарсыласы болған.

Александр Жигулин, «Астана» БК шабуылшысы:

Жігіттердің бәрі мықты ойыншылар.Тәжірибелі, әр жерде ойын көрсеткен, олармен жылдам тіл табысып кеттік. Осы маусымда көздеген белестерді бағындырамыз деген сенімдеміз. Біз үшін басты мақсат - Қазақстан және ВТБ бойынша үздік атану. Плей-офф кезеңіне шығу.