$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Шымкентте балабақшадағы балалар табиғи газдан уланды

AstanaTV
04.02.2020ж. 20:00
2566
Шымкентте балабақшадағы балалар табиғи газдан уланды

Шымкентте бүгін балабақша тәрбиеленушілері табиғи газдан уланып қалды. Келеңсіз жағдай Қазығұрт мөлтек ауданындағы жекеменшік бөбекжайлардың бірінде болды. Екі жасар төрт бүлдіршін мен балабақшаның бір тәрбиешісі жедел жәрдем көлігімен шұғыл токсикология орталығына жеткізілді. Дәрігерлер алғашқы медициналық көмектен соң тәбриеші мен үш бүлдіршіннің беті бері қарап, үйлеріне қайтарылғанын айтты.

Жанар ЖҰРЫМБАЕВА, Т.ОРЫНБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ ҚЫСЫМДЫ ОКСИГЕНАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Түскен кезде жағдайлары балалардың жағдайлары әлсіз болды, бір балада есін жоғалтқан сияқты боп обморачное состояниеде бізге түсті. Барлық түскен науқастарға алғашқы көмек көрсетіліп, оксигено-терапия жасалынды. Үш сағаттай бақылауда болды.

2018 жылы пайдалануға берілгені бөбекжайда сексеннен астам бала тәрбиеленеді.  Нысанды шұғыл тексерген газ мамандары улануға әжетханаға орнатылған су жылытқыштағы ақау себеп, деді. Тексеру кезінде ғимарат ішінде көп мөлшерде улы газ концентрациясы байқалған. Көгілдір отынға жауаптылардың дерегінше, мектепке дейінгі мекеме табиғи отынды кейбір бөлмелерге рұқсатсыз қосып алған. Балабақша табиғи газдан ажыратылды. Төтенше жағдай мамандары бұған дейін де кемшіліктер болғанын айтып отыр.

Нұрболат ДЕРБІСОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ТЖД БАСТЫҒЫ:

Желтоқсан айында жоспардан тыс тексеріліп, нәтижесінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылықтары анықталып, ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
 
Акаш МИЯТБЕК «ҚАЗТРАНСГАЗ АЙМАҚ» АҚ ШФ ДИРЕКТОРЫНЫҢ  БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Біз кезінде рұқсат бергенбіз бір котелға, бір водонагревательге және бір плитаға. Бұлар оның үстінен бізден келісім алмай тағы бір котел қойған, тағы бір водонагреватель и газ плита бірнешеуін қойған. Проект бойынша ол жерде туалет жоқ. Бірақ ол жерге ол туалет орнатқан, сөйткенде сол жерге проточный водонагреватель қойған. Ал негізі туалет жерде ондай қойылуға болмайды.

А. Төребекқызы