$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбеде 19 жастағы студентті пышақтап кетті

AstanaTV
06.02.2020ж. 20:00
3990
Ақтөбеде 19 жастағы студентті пышақтап кетті

Ақтөбеде студенттер жатақхана жанында жаппай төбелескен. Осының салдарынан 19 жастағы студент пышақ жарақатын алды. Қансырап қалған жігітті белгісіз біреулер ауруханаға жеткізіпті. Тілшіміз Бақыт Рахметова жалғастырады.

Оқиға Құдайберген Жұбанов атындағы университетке қарама-қарсы жерде болған. Төрт-бес жігіт төбелескен. Жанжал кезінде 19 жастағы студенттің кеуде тұсы мен сол жақ аяғынан пышақ жарақаты салынған. Аурухананың қабылдау бөліміне қаңсыраған жігітті белгісіз біреулер жеткізген. Ол көп қан жоғалтқандықтан, дереу ота жасылыпты.
 
Сәкен ҚАПАНОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Операция кезіңде сол жақ кеуде қуысының тесіліп кесілген жарақаты, өкпесінің жарақаты анықталды. Операция жасалып өкпенің жарақаты тігілді. Сол жақ аяғының да жарақаты тігілді. 500-600 мл қан кеткен.

Дәрігерлер жас жігіттің қазір өміріне ешқандай қауіп жоқ дейді. Ол Құдайберген Жұбанов атындағы университеттің Тау-кен факультетінің 2 курс студенті. Хромтау ауданының тумасы. Ал қалада пәтер жалдап тұрады. Қанды оқиға бірнеше бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Қарлығаш САТЫБАЛДИНА, Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АӨМУ ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бізде 320 деген камера бар екен сол тоғыз қабатты үйдің қасында сол бойынша іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Кеше құқық қорғаушылармен бірлесіп біздерде сол адамды табуға барлық мүмкіндікті жасап жатырмыз. Біздің университеттен жарақат алған сол бала жалғыз. Ауруханада жатқан бала.

Қазір бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары басталды. Төбелеске не себеп болғанын полиция әзір айта алмай отыр. 

Ерболат САРҚҰЛОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Жедел іс-шаралар жүргізу барасында полицейлер төбелеске қатыске қатысушыларды анықталып, ұстады. Сондай-ақ пышақ жарақатын салған адамның жеке басын анықталуда. Оны ұстау бойынша шаралар қабылдануда. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 24, 99 баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:

Айта кетейік, соңғы кезде өңірде жастардың суық қару ұсап пышақ жарақатын салу дерегі жиілеген. Жуырда ғана тап осындай жағдай Шалқар ауданында орын алды. Екі мектептің жоғарғы сынып оқушылары төбелесіп 16 жастағы бозбала пышақ жарақат алған еді.

Б. Рахметова