Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Президенттік резервшілер "Болашақтың" мамандықтары туралы айтып берді

AstanaTV
10.02.2020ж. 20:00
1695
Президенттік резервшілер "Болашақтың" мамандықтары туралы айтып берді

Президенттік кадрлық резерв мүшелері оқушыларға болашақтың мамандықтары туралы айтып берді. Жас мамандар өз тәжірибелерімен бөлісе отырып, оқушыларға  шетелдік жоғарғы оқу орындарына түсу мүмкіндіктерін де түсіндірді. Резервшілер дәрісін тыңдаған жоғары сынып оқушылары арасында еріктілер де бар.

Жансұлу МАҚАЖАНОВА, ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНІҢ МҮШЕСІ:

Біздің негізгі аудиториямыз оқушылар болғаннан кейін олардың алдында болашақта қандай саланың маманы болу туралы сұрақтар мазалайды. Өзіміз қай саланың маманымыз, осы жолға қалай келдік. Осы бағытта қандай шаралар қолдану керек? Өз тәжірибемізбен бөліскіміз келеді.

Кездесу "Болашақ" қауымдастығы мен "Біздің біліміміз - біздің елге" жобасы аясында іске асып отыр. Резервшілер мұндай дәрістерді енді жиі өткізбек. Айта кетсем, Президенттік кадрлық резервті құрудағы басты мақсат- мемлекеттік қызметке ашық бәсекелестік пен іріктеудің мүмкіндігін арттыру. Айта кетейік, резервтегі мамандардың үштен бірі "Болашақ" бағдарламасының түлектері.

А. Мүтәлі