$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Масаншы елді мекеніндегі мектептер бір ауысымға көшкен

AstanaTV
11.02.2020ж. 20:00
3231
Масаншы елді мекеніндегі мектептер бір ауысымға көшкен

Қордайдағы қақтығыстан кейін Масаншы елді мекеніндегі мектептер қаңырап бос тұр. Себебі, ауыл тұрғындары балаларын жіберуге қорқады. Ал, өңір басшылары қазір жағдай тұрақтанды, жұмыстар жүйелі деп жұртты сендірді. Оқиға болған жердегі білім ошақтарын әріптесім  Берік Жұманбайұлы аралап қайтты.

Масаншы елді мекенінде 19 мыңға жуық тұрғын тұрады. Бірақ, бар жоғы 3 мектеп, 2 балабақша бар. Қайғылы жағдайдан соң қара халық қатты қорқып қалған. Оның үстіне киетін киім жоқ дейді.

БЛИЦ:

- 4 балам 50-ші мектепте оқиды, 2 балам жоғарыдағы қазақ мектебінде оқиды. Бірақ ешқайсысын сабаққа жіберген жоқпын. Себебі, балалардың үстіне киетін ештеңкесі жоқ. Үймен кетті бәрі. Енді жағдайдың қалыпқа түсуін күтіп отырмыз.

-  Қазіргі кезде балаларым сабаққа барып жатқан жоқ. Себебі қырғыз республикасына апарып тастағанмын, әлі үйге әкелмедім. Әрі бұл жердегі жағдай бір қалыпқа түскен жоқ.


Жоғарыда айтылған білім ошақтарының біріне барғанымызда, мектеп басшысы сұқбат беруден бас тартты. Ал мектеп іші қаңырап бос тұр. Тек нөмірі 12-ші орта мектепке ат басын бұрдық. Онда бірең-сараң ғана оқушы жүр. Барлық мектептер бір ауысымға көшіп кетіпті.

Төлеген ЕМБЕРДИЕВ, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:
 
Неге бір ауысымға көштіңіздер? Өткен себебі кешегі күннен кейін көбісі Қырғызтанға өтіп кеткен балалар бар болатын. Солардың кішкене санының өзгеруіне байланысты бүгін бір сменде оқыдық, ертең де 1 сменде оқып қаламыз. Өткендегіден кейін бәрі қорқып қалған үрейленіп қалған. Сомен ата-ана өздері әкеп өткізіп беріп, қайтадан өздері оқушыларды мектептен алып кетіп жатыр.

Берік ЖҰМАБАЙҰЛЫ, ТІЛШІ:
 
Масаншы әлі күштік құрылымдардың жіті бақылауында. Оны көшенің бұрыш-бұрышында тұрған ұлттық ұлан сарбаздарынан байқауға болады. Қанша бақылуда болса да тұрғындар қорқыныш басылмаған. Ал, білім бөліміндегі мамандар енді үй-үйге кіріп ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын бастапты.
 
Б. Жұмабайұлы