$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елбасы Қордайдағы жағдайға алаңдаушылық білдірді

AstanaTV
11.02.2020ж. 20:00
2347
Елбасы Қордайдағы жағдайға алаңдаушылық білдірді

Қордай ауданындағы жағдайға кінәлілер заң бойынша қатаң жазаға тартылуы керек. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында осындай тапсырма берді. Тұңғыш Президент басқосуды Жамбыл облысындағы болған жаппай кикілжіңнен қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтумен бастады. Өңірде болған шиеленіске жергілікті әкімдіктер әрекетсіздік танытты деп шүйлікті. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін құрылған Қазақстан Халқы Ассамблеясының да қызметін сынға алды. Ол бұған дейін ел басына күн туған күндерді еске алды.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл шынын айтқанда мені қиналтқан, қынжылтқан мәселе болды. Себебі, 30 жылдың ішінде қандай қиындықтан өттік. 91-92 жылы туған балалар 30 жасқа жаңа келіп жатыр. Білмейді ештеңені. Қазақстанның 130 мекемесі тоқтап қалды. 2,5 млн адам жұмыссыз қалды. Жалақысыз қалды. Сондай қиындықтардан өттік емес па?

А. Мүтәлі