Негізгі / Жаңалықтар / Нұр -Сұлтанда қар шығаратын техникалар тұрып қалды

Нұр -Сұлтанда қар шығаратын техникалар тұрып қалды

Бүгін Нұр-Сұлтан көшелеріндегі қарды шығаратын 130-дан астам жүк көлігі полигонға жете алмай қалды. Олар кептеліске тап болды. Тиелген қарды төгуге келген қызметкерлер кезектерін 3 сағат күтуге мәжбүр болған. Қар төгуге арналған полиганның жолы не себепті жабық болды? Әріптесім Асылбек Данияр сабақтайды.

Ерболат, ЖҮРГІЗУШІ:

- Төгетін орын дайын емес проста.
- Алдыңызда қанша машина бар?
- Білмеймін, санаса жүздің сыртында бар шығар. 
-Қайтып келе жатқандар бар ма?
- Жоқ.
-Мына қарды не істейсіз енді?
-Басқа полигонға алып барамын.


Кептелісте тұрған техникалардың көбі полигонға кіретін жолдың жабық болуына байланысты кері қайтуда. Ал күтуге шыдамағандары жолдың жиегіне төгіп кетіп  жатыр. Алматы ауданынан қар алып шыққан Әбдінасыр Бижанов таңертеңгі  9-дан бері кептелісті тұрғанын айтады.

Әбдінасыр БИЖАНОВ, ЖҮРГІЗУШІ:


Мына машиналарымыздың тұрғанына мен өз басымды айтсам 1-2 сағат болды тұрғаныма. Қазір он минут па жиырма минутпа болды келгеніне погрузчиктің жол тазалап жатқанына.  Қазір бәрімізге рейс жазылған,  5-6 рейс кешке дейін жасалу керек дейді. Кешке дейін 3 рейс жасаймыз ба, жасамаймыз ба?!

Полигонның жолын қардан тазартуға тиіс болған техника тек түскі уақытта бір-ақ келді. Кесте бойынша олар таңғы сағат 9-дан бастап жұмыс істеу керек болған.

Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:

Бас шаһардағы қар үйінділерін шығаратын камаздардың қозғалыстары енді ретке келе бастады. Таңғы сағат 9-дан бастап 130-дан астам камаз осындай кептелісте тұрған. Мұндағы негізгі басты себеп полигонға кіретін жолдардың  тазаланбауы.  Яғни тазалықшылар өз жұмысын бастамаған.

Ерлан ЖЕТПІСОВ, "АСТАНА ТАЗАЛЫҚ" ЖШС ҚЫЗМЕТКЕРІ:


Погрузчик келген жоқ во  время. Бермей жатыр погрузчик. Сол таңертең ерте 9-да бастаса олар орын болушы еді. А то орын дайын. Дайындап қоямыз каждый түнде. Орын бар, погрузчик болмаған соң бәрін жолға төгіп тастайды, кіре алмай қалады.


Алматы ауданы әкімінің орынбасары 350-дей жүк тасмалдайтын камаздардың ісін бақылап отыру мүмкін емес, деді.

Мақсат САМАТҰЛЫ, АЛМАТЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Бүгін таңертең 2 погрузчик істен шықты. Сол басында жүрген. Погрузчиктер алмасып келгенше осындай жағдай болды. 12-лерде барды 9 бару керек болатын.

Қазір қалада қар төгуге арналған 4 полигон бар. Көктемдегі су алу қаупін қазірден бастап алдын-алып жатырмыз деген әкімдіктегілер  қардан тазарту жұмыстарын тәулік бойы демалысыз жүргіземіз деп сендірді.

А. Данияр