Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Атырауда әйелдер колониясының басшысы парамен ұсталды

AstanaTV
13.02.2020ж. 20:00
2815
Атырауда әйелдер колониясының басшысы парамен ұсталды

Атырауда әйелдер колониясының басшысы парамен ұсталды. Қазір «Пара алу» бабымен күдікке ілінген УГ-157/11 түзету мекемесінің бастығы мен бас есепшінің үстінен сотқа дейінгі тергеу басталды. Атырау облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша 39 жастағы Нұрзада Сағынғалиева мен бас есепші Мәдина Бисенова  қарамағындағы  қызметкерлерден 2019 жыл үшін сыйлықақы мен көтермелеу төлемдерінің бір бөлігін алып отырған. Және бұл әрекеттерін бірнеше рет қайталаған. Қазір әйелдер колониясын басқарған басшының өзі абақтыға жабылды.

Боранбай ҒАЛИЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Атырау қаласы мамандандырылған тергеу сотымен ҚК -нің 366 бабының 3-бөлігінің 1,2,4 тармақтарымен күдікті деп танылған Атырау облысы бойынша қылмыстық Атқару жүйесі департаменті УГ-157/11 мекемесінің басшысы және бас есепшісіне қатысты екі ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді.Тергеу амалдары жалғасуда.


Б. Надирқызы