Естімеген ел де көп. Оралда 30 жыл бойына көлік салығын төлемеген тұрғын бар. Оның салығы өсімпұлымен бірге 600 мың теңгеден асыпты. Бүгін салықшылар тұрғынның дүние-мүлкін тәркіледі. Мемлекеттік кірістер басқармасының дерегінше, ол- темір тұлпарын сатып жіберген, бірақ көлікті салық органдарының есебінен шығармаған. Осылайша қарызы қордаланып, жыл өткен сайын еселене берген. Сот орындаушылары борышкердің үйіндегі теледидар, тоңазытқыш секілді тұрмыстық заттарын алып кетті. Енді ол- қарызын бір айдың ішінде төлуі тиіс.
Нұрлан ЖАЙЛЫБАЕВ, ОРАЛ қ. МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Өткен жылы көліктерді айыптұраққа тұрғызу бойынша жұмыстар жүргізілді және биыл да осы жұмыстар атқарылуда. Сол себепті берешагі бар салық төлеушілерге айтарымыз - салықтарын уақытылы төлеуін сұраймыз. Төлемеген жағдайда осындай жеке сот орындаушысымен заңға сәйкес осындай іс-шаралар қолданылатын болады.
Бүгінде Орал қаласының 121 мың тұрғыны көлік салығын төлемеген. Олардың мемлекетке жалпы берешегі 404 млн теңгеге жуықтайды. Қазір қалада рейдтік шаралар жүргізіліп, борышкерлердің көліктері тоқтатылып, айыптұрағына әкетілуде.
Е. Карин