Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Мәскеу халықаралық қатынастары институты түлектерінің ІV халықаралық форумы өтті

AstanaTV
06.10.2017ж. 20:00
3221
Мәскеу халықаралық қатынастары институты түлектерінің ІV халықаралық форумы өтті

Астанада Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты түлектерінің ІV халықаралық форумы өтті. Жиынды аталмыш институттың түлегі, Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ашып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзін оқып берді. Сонымен қатар форумға Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров та қатысты. Барлығы жиынға түрлі елден 400-ден астам делегат жиналды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Астанаға халықаралық қатынастар бойынша әлемдік деңгейдегі мамандар даярлайтын беделді оқу орнының түлектері жиналды. Университет түрлі елдің мемлекеттік құрылымында маңызды рөл атқарып отырған бір топ саясаткерлер мен қоғам белсенділерін, дипломаттар мен кәсіпкерлерді, журналистерді даярлап шығарды. Қазір әлемдегі аумалы-төкпелі саясат, экономика, қоғамдық өмір тұсында халықаралық саладағы мамандардың рөлі мен жауапкершілігі артып отыр.