Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Атырауда өртенген үйдегі иесіз пәтерлерді тонап кеткен

AstanaTV
17.02.2020ж. 20:00
3079
Атырауда өртенген үйдегі иесіз пәтерлерді тонап кеткен

Атырауда шатыры өртеніп кеткен бес қабатты үйдің пәтерлерін белгісіз біреулер тонап жатыр. Абырой болғанда өрт кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.  Алайда қыстың қақ ортасында бірнеше отбасы далада қалды.

Құндыз Ізбасарова бүгін үйінде туған күнін тойлау керек еді. Бірақ екі күннен бері  көз жасын тия алмай жүр. Қызыл шоқты көрген кезде сырт киімін ғана алып үлгерген.

Құндыз ІЗБАСАРОВА, ТҰРҒЫН:
 
Балконды ашып едім, қызыл шоқтар мына жерге түсті. Шошып кеттім. Былай қарап едім  қызыл шоқ ана жерге тсүкенде қара түтін үйге бірден кірді. Мен жаба алмай қалдым есікті.

Көршісінің пәтерінде де қара күйеден аяқ алып жүру мүмкін емес. Қызыл алау бесінші қабаттағы екі пәтерді жарамсыз етті. Ал одан төменгі қабаттағы пәтерлер өрт сөндіру кезінде суға кеткен.

Светлана ИШИНА, ТҰРҒЫН:
 
Әкімдіктен әлі ешкім келген жоқ. заттардың барлығы  суға кетті.  Қабырғаның сылағы түсіп жатыр. Телевизор, кондиционер суда қалды. Төбе, еден бәрі сыз тартып тұр. Жарық жоқ, жылуды, газды өшіріп тастады. Адамдар тіпті дәретханаға бара алмай отыр.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Өрттен кейінгі пәтердің жағдайы осындай. Шатырдан басталған тілсіз жау үйді түтінге ораған. Қазір адам тұруға жарамсыз. Тұрғындар тума-туыстың үйін жағалап жүр.

Бұл аз болғандай, бұзақылар иесіз қалған пәтерлердің  есігін бұзып ашып, бағалы заттарын тонап кеткен.

Дина АЙМЕНОВА, ТҰРҒЫН:
 
Үйімнің бәрін ақтарып, ценный заттарымды алып, ойлағанын істеп кеткен.  Есігімді үстінен  ойып ломмен сындырып, ішінің бәрін тонап кеткен.

Қазір полиция ұрыларды іздестіруде. Тұрғындар өрттің тұтануына электр сымдары себеп болды деп отыр. Дегенмен жарамсыз болып қалған екі пәтерге  қаланың сырт ауданынан уақытша баспана ұсынылған.

Ұлықбек ТНӘЛИЕВ, АТЫРАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Негізгі шығынды айтатын болсақ жуынатын бөлмелерде. шахтамен су түскен. Сол мәселе. Ванныйларды жөндеуі және осы екі пәтер 19 бен 20  ең үлкен шығын болған.  Сол үйлердің ремонтын қазір айналысып жатырмыз.  Қабырғалары ісініп тұрған жоқ.

Ал төтенше жағдайлар департаменті  өрттің себебі зерттеу және тергеу жұмыстарынан соң белгілі болады,- деді. Айта кетейік, 70 пәтерлік бес қабатты үйдің пайдалануға берілгеніне 50 жылға жуықтаған. Ал 2011 жылы қайта жаңғыртудан өтіпті.

Б. Надирқызы