Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Атырауда магистралды су құбырын күзетуге жарияланған тендерде заң бұзушылыққа жол берілген бе?

AstanaTV
17.02.2020ж. 20:00
2271
Атырауда магистралды су құбырын күзетуге жарияланған тендерде заң бұзушылыққа жол берілген бе?

Атырауда магистарлды су құбырын күзетуге жарияланған тендерде заң бұзушылыққа жол берілген. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Атырау филиалы жанындағы қоғамдық Кеңестің кезектен тыс отырысында айтылды. Мәселе мәнісі былай: «Магистралды суағызғысы» компаниясы жариялаған тендерде, құрылғанына 6 ай болған «Тұран групп секьюрити» серіктестігі жеңіске жетеді. Алайда тендер қорытындысымен күзет саласында 15 жылдық тәжірибесі мен материалды-техникалық базасы жеткілікті «Сұңқар секюрити» компаниясы келіспейді. «Nur Otan» партиясына шағымданған да солар. Қазір «Самұрық-Қазына» қорының араласуымен тендер қорытындысының күші жойылды. Дегенмен сол күші жойылған тендер жеңіпмазымен «Магистралды суағызғысы» компаниясы екі айға келісім-шартқа отырған.

Нұрлы ӘЙТИЕВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АОФ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕСІ:
 
Бір көзден сатып алу дегеннің өзі күмән туғызады. Бұл біріншіден. Сосын үкіметтік емес ұйым өкілі ретінде төмен бағаны ұсыну дегенді түсінемін. Алайда ол қызметті ұсынушы компания өзі жаңадан құрылған бола тұра, төмен бағаны ұсынады және күзетшілердің жалақысын 40 пайызға көтереміз,- дейді. Осы жері түсініксіз.

Атырау, Маңғыстау облыстарының миллионға тарта халқына су жеткізіп отырған құбыр қауіпсіздігіне партия алаңдаулы. Кеңес мүшелері бірнеше күн бойы аталған объектілерге барып, жағдайды жан-жақты зерттеді. Айтуларынша, Атырауда қазір магистралды су құбыры бойын күзетуге жауапты «Тұран групп секьюрити» мекеменің кеңсесі жоқ. Күзет мекемесі партияның қоғамдық кеңсесіне де келмеген.

Сайын ҚУАНЫШЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АОФ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгінгі қоғамдық кеңестің сыбайлас жемқорыққа қарсы әрекет жөніндегі  жалпы түйіні тендер өткізу мәселесінде заң бұзушылық  болған. Алға қарай партия өзінің тарапынан осы біздің облыс территориясынан, одан кейін біздің әріптестер  Маңғыстау облысында осы құбыр бойында партиялық қоғамдық бақылауды  үлкен деңгейге қоюымыз керек деп есептейміз.

Б. Надирқызы