Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қордайда полицейлердің жағасынан алған 3 ағайынды қамауға алынды, - ҚР Бас Прокуратурасы

AstanaTV
18.02.2020ж. 20:00
2077
Қордайда полицейлердің жағасынан алған 3 ағайынды қамауға алынды, - ҚР Бас Прокуратурасы

Жамбыл облысы Қордай ауданында полицейлердің жағасынан алған ағайынды үшеу қамауға алынды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады. Сортөбе ауылында жол полициясы қызметкерлері патрульдеу кезінде Л.Воингуй тізгіндеген «Хонда Одиссей» автокөлігін тоқтатып, жүргізуші куәлігін сұраған. Тиісті құжаттары болмаған көлік жүргізушісін, полиция бөліміне бару талап етілген. Алайда, олар қарсылық танытып екі ағасымен бірлесіп полиция қызметкерлерімен ерегісіп кеткен. Аталған факті бойынша Қылмыстық Кодекстің 380-ші бабының 1-бөлігі, яғни билік өкіліне қатысты күш қолдану бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Айыпталушылар өз кінәларын мойындап, қамауға алынды.

А. Данияр