Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Павлодар облысының бұрыңғы әкімі үй қамаққа шықты

AstanaTV
19.02.2020ж. 20:00
1690
Павлодар облысының бұрыңғы әкімі үй қамаққа шықты

«Қызмет бабын асыра пайдаланды», деп айыпталған Павлодар облысының бұрыңғы әкімі үй қамаққа ауыстырылды. Оған денсаулығы сыр бергені себеп болған. Облыстық сот хабар таратты. Баспасөз қызметінің хабаралуынша, экс-әкім өтінішін қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сот ақпанның 18 күні мақұлдапты. Алайда, Болат Бақауовқа үйінде қонақ қабылдауға және телефонмен сөйлесуге тиым салынған. Сондай-ақ оған үйінен қадам шығуға болмайды. Ол тек қана тергеуге қатысты органдардан шақыру түскенде ғана, қала ішінде қозғала алады. Айта кетейік, Болат Бақауов қаңтардың 17 күні, қызметін асыра пайдаланды деген күдікпен екі айға қамауға алынған болатын.

Маржан ҚҰРМАНҒАЛИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ СОТ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАМАНЫ:

Болат Бақауов үй қамаққа ауыстырылғанда оның Павлодар облысы әкімі қызметінен босағаны және оның тергеуге қатысты құжаттарға қолы жетпейтіні сондай ақ тергеу жұмыстарына кері әсер ете алмайтыны ескерілді.

Д. Мұхаммедкәрім