Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады. Банк төрағасы кездесуде соңғы бір айдағы несие саясатының жүзеге асырылуын және Ұлттық қордың қазіргі ахуалы туралы баяндады. «Бес әлеуметтік бастама» аясындағы мемлекеттік бағдарламалар да тараптар арасында сөз болды. Сонымен қатар, Елбасыға "Қарапайым заттар экономикасы» жобасы туралы есеп берді.
А. Мүтәлі