$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Нұр-Сұлтан тұрғындарының 92 пайызы медициналық сақтандырумен қамтылған - Е.Тоғжанов

AstanaTV
19.02.2020ж. 20:00
1917
Нұр-Сұлтан тұрғындарының 92 пайызы медициналық сақтандырумен қамтылған - Е.Тоғжанов

Нұр-Сұлтан тұрғындарының 92 пайызы медициналық сақтандырумен қамтылған. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді. Ол 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілеген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша, қиындықтар бар екенін мойындайды.  Қазіргі таңда, бас шаһарға өзге облыстардан келген 16 пайыз азамат жүйеге әлі тіркелмеген. Үкімет басшысының орынбасары, наурыздың 15-іне дейін мәселені шешітіндерін жеткізді.

Ералы ТОҒЖАНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Кемшіліктер дейтін бұл жерде алып бара жатқан кемшіліктер жоқ. Жаңағы страхованияға енбеген азаматтарды міндетті түрде әрі қарай анықтау керек. Оның енді саны белгілі. Сондықтан арғы жағындағы 35 000 адамға дейін тек ол азаматтарды ғана емес медицина саласындағы азаматтардың міндеті ғана емес бұл жерде Ішкі істер министрлігімен тікелей қарастырылуы керек. Нұр-Сұлтан қаласына сырттан келетін азаматтар көп.

Ералы Тоғжанов сонымен бірге «Жанұя» орталығы мен теміржол ауруханасының жұмысымен танысты. Өткен жылы апаттық жағдайдағы нысан болып есептелген емдеу орталығы, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен күрделі жөндеуден өткен.

А. Данияр